Үш ел кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларын міндетті сараптауды жақтауда
Бизнес-қоғамдастықтың бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа реттеушілік әсерді бағалау туралы түсінік енгізілді, бұл кәсіпкерлік қоғамдастықтың қатысуымен құжаттарға алдын-ала сараптаманы міндетті жүргізуді білдіреді. Мұндай тәжірибені Еуропалық комиссия мен ЭЫДҰ елдерінің көпшілігі қолданады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың қызмет жасай бастауымен бірге РӘБ процедурасы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына әсерін тигізуі мүмкін ЕЭК шешімдерінің барлық жобаларына таралады деп болжанған еді.
Сонымен бірге, ЕЭК Реттемесі жобасын дайындау аясында реттеушілік әсерді бағалау саласын шектеу ұсынылды. Яғни, бағалау кедендік-тарифтік, тарифтік емес және техникалық реттеу мәселелері бойынша ЕЭК шешімдері жобаларына қатысты жүргізілмейді деп болжануда. Осылайша, реттеушілік әсерді бағалау процедурасынан бизнесті жүргізу жағдайларына тікелей әсерін тигізетін және артық әкімшілік кедергілер жасалуының алғашқы себебі болып табылатын ұлттықтың үстіндегі реттеудің негізгі салалары алынып тасталып отыр.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «БелӨКҚ» Белорусь өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы және Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы Еуразиялық экономикалық комиссия Төрағасы И.И.Шуваловқа ЕЭК шешімдері жобаларына қатысты реттеушілік әсерді бағалау процедурасынан қисынсыз алып тастауларды болдырмауды сұрап жүгінді. Бұл ұстанымды сонымен қатар тұтынушылық нарықтағы тауарларды өндірушілер мен импортшыларды біріктіретін ондаған ресейлік одақтар мен қауымдастықтар да қолдап отыр.
ЕЭК Реттемесі 2014 жылғы 23 желтоқсанда мемлекеттер Басшылары деңгейінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында бекітіледі деп жоспарланып отыр.
Белорусьтық-Қазақстандық-Ресейлік бизнес-сұхбат хатымен мына жерде танысуға болады.
Тұтынушылық нарықтағы тауарларды өндірушілер мен импортшыларды біріктіретін ресейлік одақтар мен қауымдастықтар хатымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: