«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда өтімділік қорын иеленбеген кәсіпорындардың несиелерін қайта қаржыландыру мәселесін қарастыру қажет – М.Глухов

2014 жылғы 12 Ақпан
10772 просмотров

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптері қауымдасығының басшысы Михаил Глухов Қазақстанда долларда несие алған кәсіпорындарға төлемдерді кейінге шегіндіру, борыш құрылымын қайта қарау және несиелерді қайта қаржыландыру сынды қолдау шараларын қабылдау қажет деп мәлімдейді.

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптері қауымдасығының басшысы Михаил Глухов Қазақстанда долларда несие алған кәсіпорындарға төлемдерді кейінге шегіндіру, борыш құрылымын қайта қарау және несиелерді қайта қаржыландыру сынды қолдау шараларын қабылдау қажет деп мәлімдейді. «Өтпелі кезеңде әсіресе өтімділік қорын иеленбеген долларда несие алған кәсіпорыдарда қиындықтар туындауы мүмкін. Әрине мұндай кәсіпорындарға қолдау көрсетудің инструменттерін табу керек, төлемдерді кейінге шегіндіру, борыш құрылымын қайта қарау және несиелерді қайта қаржыландыру сынды қолдау шараларын қолдану керек», - деді Михаил Глухов. Кәсіпкер бұл ретте шағын және орта бизнесті саралау және шағын және орта бизнеске арналған арнайы режимдерді кеңейту мәселесін жете қарастыру керек екендігін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкер девальвация өңдеуші өнеркәсіптердің дамуына жаңа қарқын беретінін ерекше атап өтті. «Бұл жағдайға жеке бағамды берер болсам, девальвация өңдеуші өнеркәсіптерге, шынайы жұмыс жасап отырған кәсіпорындарға, бәсекеге қабілетті бизнеске қосымша бәсекелестік басымдықтар жасауға жол ашады», - деді Михаил Глухов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер