Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметке қатысушының қателігін өз еркімен мойындау қағидасы енгізілмекші
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының қателігін өз еркімен мойындау және өз бетінше жою қағидасы енгізілді.
ҚР Парламенті Сенаты 2014 жылғы 19 қарашада өткен толық мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқуда мақұлдаған болатын. Заңның мақсаты ҚР-да кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдай жасау, мемлекет пен бизнес арасында серіктестік қарым-қатынас орнату, «анықтау және жазалау» саясатынан «ескерту және адал ниетті кәсіпкерлікті ынталандыру» саясатына көшуді жүзеге асыру болып табылады.
Бұл заң жобасы қосымшаларының бірі ДСҰ сауда процедураларын жеңілдету туралы Келісіміне сәйкес сыртқы экономикалық қызмет қатысушысының қателігін өз еркімен мойындау және өз бетінше жою қағидасын енгізу болып табылады (Бали, 2013 ж.).
Сонымен, сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы мына жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болады:
1) тауарларды шығарғанға дейін кеден органы лауазымды тұлғасының тауарларды қате жіктеу дерегі орнатылған жағдайда тауарларды шығарған соң оларды жіктеу бойынша шешімді қайта қарау кезінде тауарлар кодын өзгерткенде;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзуларды жою туралы хабарламаны тексерілетін тұлғаға табыстағаннан кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзуларды өз бетінше жойған кезде;
3) көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталғанға дейін тауарларды шығарғаннан кейін бір жыл ішінде бұзуларды өз бетінше анықтаған және өз еркімен жойған кезде.
Сәйкес өзгертулер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне енгізілді.
Бұл түзетулерді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамалады және кәсіпкерлік қызмет жағдайын жақсарту бойынша шын мәнісіндегі түбегейлі шаралар болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: