«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

М. Глухов: Бағаны өсіруге негіз жоқ. Бағаларды өсірген жағдайда да бұл үрдісті 6 ай аралығында біртіндеп жүргізу керек

2014 жылғы 12 Ақпан
11418 просмотров

Жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Михаил Глухов девальвацияға қарай әрекет ету аясында бағаларды өсірген жағдайда да бұл үрдісті 6 ай аралығында кезеңдеп жүргізу керек деп санайды.

«Біз де өз есебімізді жүргіздік, атап айтқанда жиһаз жасау өнеркәсібінде. Девальвация әсерінен түсімнен жоғалтып отырған шығындарды өтеу үшін шамамен бағаны 5-7%-ға көтеру керек. Алайда әр кәсіпорынның шикізат, жинақтаушы қорлары болады. Алайда бағаны өсіруге еш негіз көріп отырған жоқпын. Бағаларды өсірген жағдайда да бұл үрдісті кем дегенде 6 ай аралығында біртіндеп жүргізу керек және бағаның көтерілуі күрт, секірмелі сипатта болмауы керек», - деді М. Глухов. Сондай-ақ кәсіпкер бағаның күрт көтерілуі тұтынушылар сұранысына жағымсыз есер ететіні, ал мұндай жағдайға жол бермеу керектігін атап өтті. «Барлығы бірдей бағаны күрт өсіретін болса, тұтынушылар мүмкіндігі құлдырап, еңбекақы төлеуде мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан бағаны өсірмеуді ұсынамыз. Бұл бізге қажетті жол емес. Қазіргі уақытта біз импорттық жиһаздармен қатар толық бәсекеге қабілеттіміз. Бізде де шикізат қорлары баршылық, ал бұл жалпы бағаның жоғары пайызға күрт өсуіне жол бермейтін, нақты бір жеңілдіктер қойып сатуға мүмкіндік жасайды»,- деді қауымдастық басшысы. Сондай-ақ Михаил Глухов 2009 жылы болған девальвацияда орын алған қателіктердіқайталамауға және бағаларды қайта есептеуді тек жаңа импорттық өнімдер түскеннен кейін жүргізуге шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер