«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еркін қоймалар иелері Ұлттық палатаға үстеме есептеулердің күшін жоюда көрсеткен жәрдемі үшін алғыс айтады

2014 жылғы 18 Желтоқсан
3200 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына «Дедов» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен еркін қойма иелері мен кеден органдары арасындағы дауды шешкені үшін алғысын білдірген хат келді.

«Осы хат арқылы Сізге (ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай МырзахметовтіЕск.) және біздің кәсіпорын және ҚР басқа да кәсіпорындары бойынша «Еркін қойма» тәртібін пайдаланумен кедендік баждар, салықтар және өсімпұлдарды үстеме есептеудің күшін жоюмен байланысты түйткілді шешуге атсалысқан ҚР ҰКП барлық қызметкерлеріне алғыс айтқымыз келеді», – деп алғысын білдірді Ұлттық палата Кедендік әкімшілеу департаменті қызметкерлері мен оның директоры Әлихан Мәмбеталиннің еңбегі мен кәсібилігін ерекше атап өткен компания директоры Денис Дедов.

«Дедов» ЖШС басшылығы ҚР ҰКП-мен бұдан арғы тиімді ынтымақтастыққа үміт артып, бизнесмендердің Ұлттық палатамен ынтымақтастық орнатуының маңыздылығын баса айтты.

2012 жылдың басында отандық өндірушілер бірқатар министрліктердің еркін қойма тәртібінің басымдылығын қолдану ұсынысына жауап қатқанын естеріңізге сала кетейік. Сонымен, кәсіпорындар кеден баждары мен салықтарды төлемей өнім өндіру және оны ішкі нарыққа шығару мүмкіндігіне ие болады. Алайда сәл кейінірек кеден органдары 2012 жылғы 1 қаңтардан соң тіркелген еркін қойма иелерінің баж төлеуін талап етеді. Кәсіпкерлер Ұлттық палатаға келіп жүгінді. Жоғарғы сот өндірушілер пайдасына шешім шығарып, олар жұмысты дамыту және жұмыс орындарын сақтау мүмкіндігін алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер