«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық дауларын шешу

2014 жылғы 13 Ақпан
12053 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  әкімшілік дауларды қарастыру бойынша соттан тыс институтта құру, сондай-ақ мемлекеттік органдарда ҰКП өкілдерінің қатысуымен апелляциялық комисиясын құруды ұсынады.

Мұндай ұсыныс диалог алаңы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  ұйымдастыруымен Астанада өткен конференцияда мәлімделді.  Бұл рәсімдердің ашықтығын және мемелекеттік органдарда қарастырылатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау әділдігін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Пікірталасқа Жоғарғы сот, Бас прокуратура, министрліктер мен ведомствалар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Ұлттық палата тарапынан ұсынылған келесі ұсыныс тәуелсіз комиссия түрінде әкімшілік дауларды сотқа дейін реттеу институтын құруға қаысты болды. Іс-шарада атап өткендей, аталған мәселе мұндай институттарды құрудың және оның қызмет етуі, шағымдар тапсыру және оларды қарастыру рәсімдері, жауапкершілік мәселелері, қабылданатын шешімдер статусы мен түрлері және т.б. осыған қатысты мәселелер төңірегінде мемлекеттік органдармен жете талқылай отырып әзірлеуді қажет етеді.

Аталған мәселеге қатысты Қазақстан халықаралық арбитражы, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Майдан Сүлейменов өз пікірімен бөлісті.   Майдан Сүлейменовтың айтуынша, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын сот дауларын қарастыру барысында білікті сарапшыларды тарту қажет.  Апелляциялық комиссиясын құру кәсіпкерлер құқығын мемлекеттік органдардар  әрекеттерінен қорғаудың тиімді механизмдерін  жасауға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салық салу департаментінің директоры Николай Ефимчук іс-шарада сөйлеген сөзінде атап өткендей, мемлекеттік органдармен дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері кәсіпкерлер қызметінде үнемі туындап отырады және шаруашылық субъектілері осындай дауларды шешуге көп уақыт пен қомақты қаражат жұмсайды.  Салық салу, кедендік іс, табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау салаларындағы даулар кәсіпкерлік ортасының ең өзекті мәселелері болып отыр.

«Қазақстанда мемлекеттік органдардың актілеріне шағымданудың екі әдісі бар. Біріншісі – мемлекеттік органға шағымдану, екінші әдісі – сотқа шағымдану. Мемлекеттік органға шағымдану кәсіпкердің және оның өкілінің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Сонымен қоса,  мемлекеттік органда шағым бойынша шешім қабылдауда мүдделер даулары туындауы ықтимал. Мысалға алсақ,  салық қызметінде салық төлешінің құқығын сақтау міндеті бюджетке салықтардың толық түсімін қамтамасыз ету міндетімен кереғар келуі мүмкін. Осындай және басқа да бірқатар себептер бойынша кәсіпкерлер сотқа жүгінуді дұрыс санайды. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің сот корпусының жұмысына айтарлықтай салмақ  салады.  Мұнымен қоса  соттағы аталған рәсімдер кәсіпкерлердің шығындалуына әкеледі», - деді Николай Ефимчук.

Сондай –ақ ҰКП өкілі көптеген елдер көп жылдардан бері әкімшілік дауларды шешу, оның ішінде  келіссөздер, медиация, арбитраж, омбудсмен, тәуелсіз комиссия сынды механизмдерді қарастыратын әкімшілік даларды шешудің балама платформаларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп отырғанын атап өтті. 

Дауларды сотқа дейін реттеу мәселелерін талқылау барысында іс-шара қатысушылары шағымдарды қарастыру механизмдерін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізіп, тиісті ұсынымдар әзірледі. «Эрнст энд Янг Казахстан» компаниясының өкілі Әлия Джапаеваның пікірінше, осындай сот қарауларын азайтатын бірқатар тәжірибелік тәсілдер баршылық. Мысалға алсақ, заң нормасын бір мағыналы емес талқылануы салық төлеушінің пайдасына қарастырылатын принципін енгізу, бұл принцип көптеген елдерде қолданысқа енгізілген. 

Компания өкілі салық төлеушінің сотқа өтініш тапсырған мерзімінен кейін  мәжбүрлі өндіріп алу мәселесіне тоқтала өтті. «Біз 3 ай аралығында сотқа жүгіне аламыз. Ал салық органдарында мәжбүрлі өндіріп алу мерзімі 30 күн аралығында туындайды», - деді Әлия Джапаева.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова іс-шараның соңында талқыланып отырған тақырып бойынша 15 наурызға дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдарда апелляцияны жетілдіру, сондай-ақ әкімшілік дауларды қарастыратын соттан тыс институтты құру бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстар дайындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер