ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды
Бүгін, 15 желтоқсанда, ҚР ҰКП бірқатар қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыстау салтанаты өтті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтықмақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды; экономикалық интеграция департаментінің директоры Дана Жүнісова, экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Асқар Қысықов және техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарына ие болды.
Елбасының атынан мемлекеттік марапаттарды Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев табыстады.
«Барлықтарыңызды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл біз үшін ең маңызды мереке. Біз бақытты ұрпақпыз – тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысымыз өз қызметімізді атқарып, тәуелсіздігімізді нығайтуға өз үлесімізді қосып жатырмыз», - деді жиналғандарға қарата Тимур Құлыбаев. Төралқа Төрағасы бүгін І дәрежелі «Барыс» орденіне ие болды.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев Ұлттық палата жетістіктерге Төралқаның еңбегі мен беделінің арқасында қол жеткізгенін атап өтті. «Сіз ұланғайыр отандық телімді қамтитын институтты іс жүзінде жоқ жерден құрдыңыз. Сіздің басшылығыңызбен жұмыс жасауды мақтан тұтамыз», - деді Рахым Ошақбаев, әріптестерін келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: