Тапсырыс беруші мен жеткізуші арасындағы даудың шешімі
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұзақ мерзімдік шарттар жасасу бойынша жұмыс жиналысының барысында «KSP Steel» ЖШС өндіретін өнімдегі 30% жарамсыздық туралы ақпаратты мәлімдеді. Өндіруші «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ жариялаған ақпаратпен келіспей отыр.
Осыған орай Ұлттық палата 2014 жылғы 11 желтоқсанда даулы мәселелерді реттеу мақсатында сұхбат алаңын ұйымдастырды. Жиналыс барысында іс жүзінде жалпы жеткізу көлемінен 0,17% құрайтын өндірілетін өнімдегі болмашы жарамсыздық туралы, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» АҚ жеткізілетін тауарды сақтау және пайдалану бойынша талаптарды орындамауы туралы ақпарат айтылды.
Тараптар талқылау қорытындысы бойынша жұмысты жалғастыру мақсатында Болат құбыр өндірушілер қауымдастығымен бірлесіп «ӨзенМұнайГаз» АҚ өндірістік алаңдарында «KSP Steel» ЖШС жеткізетін өнімнің де, сонымен қатар «ӨзенМұнайГаз» АҚ өкілдері орындайтын жұмыстар кезінде «KSP Steel» ЖШС өндіретін өнімді пайдалану, сақтау талаптарын ұстануды да сапа жағынан бақылау бөлімдері мен ғылыми-техникалық кеңес құру туралы келісімге келді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: