ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің 5 отырысы өтті
Саланың өзекті мәселелерін талқылауға Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық, Өндірістік геологиялық ұйымдар қауымдастығы, Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
ҰКП басшылығы Елбасының алдында баяндауға тиіс кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы алғашқы Ұлттық баяндама даярлығын талқылау барысында Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева қауымдастықтардың ҰКП-ға баяндаманың тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласын қамтитын бөлімін мазмұндық толықтыру бойынша ұсыныстарын жолдағаны дұрыс екенін атап өтті.
«2014 жылғы 21 қарашада өткен тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының бесінші Съезінің шешімі қабылданды. Ол сала кәсіпорындарын көлікпен қамтамасыз ету, экологиялық заңнаманы жетілдіру, саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру, кадрлық қамсыздандыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы түйткілді мәселелер бойынша іс-шаралар аясынан тұрады», - деді ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец. Комитет мүшелері ҰКП Басқармасына өз қызметінде, сонымен қатар 2015 жылға арналған Комитет жұмыстарының жоспарын дайындау кезінде V Съезд шешімін ескеруді ұсынды.
Отырысқа қатысушылар сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес электр қуаттылығы нарығының үлгісін дамыту және өзгерту туралы ақпаратын талқыға салып, бұл мәселені ҚР ҰКП, «Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ, «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы» ЗТБ және тау-кен металлургия саласы энергия өндіруші ұйымдары өкілдерінің қатысуымен министрлік жанындағы жұмыс тобының аясында талқылауды жалғастыруды ұсынды.
Комитет мүшелері парниктік газдар шығарындылары түйткілі бойынша «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша табиғатты пайдаланушылардың бірқатар түзетулер ұсынғанын атап өтті. Осыған орай, ҚР Энергетика министрлігі жанындағы экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қарауына парниктік газдарды реттеу бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды енгізуге, ҚР Энергетика министрлігіне бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірге ел экономикасына парниктік газдардың шығарындыларын төмендету бойынша қолданылып жатқан шаралардың әсер етуіне талдау жүргізу және ведомство басшылығы деңгейінде бұл мәселені талқыға салуға шешім қабылданды.
«Қайталама металлургия өнеркәсіпшілері республикалық одағы» Қауымдастығының Төрағасы Владимир Дворецкий қара металл сынығы нарығына баға бере отырып, Қазақстан аумағынан қара металл қалдықтары мен сынығын экспорттауға салынған уақытша тыйымның 0,5 млн тонна сынықты әкетуді шектегенін, сатып алу бағаларының жоғарылығы, экспорттық баждың біршама төмендігі салдарынан РФ бәсекелестікте басымдылыққа ие болғанын және көлеңкелі құрамдастар көлемін ұлғайтқанын баса айтты. Сонымен бірге «KSP Steel» ЖШС өкілдері Қазақстанның металлургиялық зауыттарының тұрақты қызмет етуіндегі болат сынығының маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, отырыста 2014 жылғы Комитет жұмысы қорытындыларына баға беріліп, алдағы 2015 жылы оны дамытудың басымдылықты бағыттары анықталды.
ҚР ҰКП Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті 5 отырысында талқыланған мәселелер туралы егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: