Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басымдылықты қызмет түрлері тізбесін кеңейту туралы ұсынысы Үкімет Қаулысына кіргізілді
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы №436 және «2012—2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 қаулыларына өзгертулер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Үкіметтің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 инвестициялық артықшылықтар беру бойынша Қаулысын бекітті.
Осы қаулы аясында натуралды гранттар және кеден баждары салынуынан босатылу түріндегі инестициялық артықшылықтар берілетін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жеңіл, қағаз, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі салаларымен Басымдылықты қызмет түрлері тізбесін кеңейту жағынан ҰКП ұсынысы қолдау тапты. Қаулыға сәйкес салықтар және басымдылықты инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар беру бойынша қосымша инвестициялық артықшылықтар да көзделген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: