«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті қорғау

2014 жылғы 05 Желтоқсан
3719 просмотров

Кеден одағына мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында адал бәсекелестікті сақтау мақсатында бәсекелестіктің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы Келісімге қол қойылған болатын (Мәскеу қаласы, 2010 жылғы 9 желтоқсан). Ол 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа (Шарт) кодификацияланып, ендігі жерде Одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары мен ережелері белгіленеді. Шарт 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.

Сонымен, Шарттың 76 бабында бәсекелестіктің жалпы ережелері айтылған, оған сәйкес:

шаруашылық етуші субъектілердің басымдылықты жағдайын теріс пайдалануға тыйым салынады (монополиялық жоғары немесе төмен бағаны орнату, тауардың тауарлы нарығына қолжетімділікке кедергі жасау және т.б.);

арамза бәсекеге жол берілмейді (субъектіге шығын келтіруі мүмкін жалған, толымсыз және бұрмаланған мәліметтер тарату, сипатқа қатысты жаңылыстыру және т.б.);

бір нарықта әрекет ететін бәсекелестер – шаруашылық етуші субъектілер арасында келісімге тыйым салынады (сөз байласу, алыпсатарлық);

шаруашылық етуші субъектілер арасында вертикалды келісімдерге тыйым салынады, егер мұндай келісімдер тауарларды қайта сату бағаларын белгілеуге әкелсе немесе әкелуі мүмкін болса немесе мұндай келісімде сатушының бәсекелесі болып табылатын субъектінің тауарын сатпауға сатып алушының міндеттемесі көзделсе;

егер мұндай әрекеттер вертикалды келісімдерге тыйым салуда көрсетілген салдарларға алып келуі мүмкін болса, жеке тұлғаларға, ұйымдарға да субъектінің экономикалық қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға тыйым салынады.

Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелері бұзылу белгілері болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия (Комиссия) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, шаруашылық субъектілері, жеке тұлғалар өтініші негізінде және өз бастамасы бойынша қажет тергеулер жүгізу өкілеттігіне ие.

Комиссия мемлекеттік билік, жергілікті басқару органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан ақпаратты, сонымен қатар құпия, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы ережелерін сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұратады және алады.

Бәсекелестікті жалпы ережелерін бұзу деректері анықталған жағдайда Комиссия бұзуды тоқтатуға, бұзудың салдарын жоюға, сонымен бірге айыппұл салуға бағытталған әрекеттер жасау туралы шешім қабылданады.

Айыппұлдар мөлшерлері

Бұзушылық

Лауазымды тұлғалар мен ЖК үшін айыппұл мөлшері (рубль)

Заңды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері

(рубль)

Арамза бәсеке

20 000-нан 110 000-ға дейін

10 000-нан 1 000 000-ға дейін

Жол берілмейтін келісімдер жасасу

20 000-нан 150 000-ға дейін

тауар өткізгеннен түскен ақша сомасынан 0, 01-ден 0,15-ке дейін, бірақ саудадан түскен ақшаның жиынтық мөлшерінен көп дегенде 0,02  және аз дегенде 100 000

Экономикалық қызметті үйлестіру

20 000-нан 150 000-ға дейін

20 000-нан 5 000 000-ға дейін

Басым жағдайды теріс пайдалану

20 000-нан 150 000-ға дейін

тауар өткізгеннен түскен ақша сомасынан 0, 01-ден 0,15-ке дейін, бірақ саудадан түскен ақшаның жиынтық мөлшерінен көп дегенде 0,02  және аз дегенде 100 000

Комиссияға ақпарат бермеу немесе уақытында бермеу (сонымен бірге сенімсіз ақпарат)

10 000-нан 60 000-ға дейін

150 000-нан 1 000 000-ға дейін

 

Қазірде ЕАО тауарлы нарықтарында бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ арамза бәсекелестік деректеріне жол бермеу мақсатында, ҚР ҰКП ЕЭК және Ұлттық палата арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша жұмыс жасалуда. КО және БЭК трансшекаралық нарықтарында арамза бәсекелестік деректерін анықтау бойынша Жұмыс тобы құрылып, оған ҚР ҰКП және ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдері кіретін болады.

Жоғарыда баяндалған мәселеге орай КО және БЭК трансшекаралық нарықтарында бәсекеге қарсы әрекеттерге дер кезінде жол бермеу мақсатында ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефон бойынша жүгінуді сұраймыз: 8 (7172) 919373.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер