Белорусь делегациясы тауарларды бақылау белгілерімен таңбалау тәжірибесімен бөлісті
ҚР ҰКП алаңында тауарларды таңбалау жүйесі тәжірибесімен алмасу мәселесі бойынша БР және отандық мемлекеттік органдар, ҚР бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуде 2005 жылдан бері қолданылып келе жатқан «Беларусь Республикасында RFID-таңбалы бақылау сәйкестендіру белгілерімен таңбалау негізінде тауарлардың заңдылығын бақылау жүйесі» таныстырылды. Сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін қазірде кеңейтілген нормативтік құқықтық база қабылданған (БР Үкіметінің 7 Қаулысы және 8 нормативтік құқықтық акт).
БР-да таңбалау жүйесі қызмет етіп тұрған кезең ішінде, өкілдер өтініші бойынша, заңсыз өніммен күрестегі тиімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілді, бұл бюджетке түсетін салықтың өсімін (1,0 млрд. АҚШ долларынан астам сома) қамтамасыз етті және біраз уақыт өткен соң жүйенің бірнеше «пилоттық» нұсқаларын сынақтан өткізу жолымен бұл процесті автоматтандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді.
Қазіргі күні БР-да 20 тауар тобы таңбалауға жатады. Сонымен бірге тауарларды таңбалауға деген сараланған ұстаным қолданылады, яғни бағасы төменге қарағанда тауардың жоғары бағалы тобына біршама қымбат тұратын таңбалау қолданылады.
Сонымен қатар аталмыш жиналыста өнімдерді бақылау белгілерімен таңбалаудың Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынып отырған жүйесі талқыға салынып, онда Белорустық тарап ҚР ҰКП-ның «пилоттық» жобаны жүзеге асыру кезеңінде КО және БЭК аясында толыққанды таңбалау жүйесін жасау және функциялау туралы Келісім жобасын жасаудың лайықсыздығы және мерзімінен ерте көтеріліп отырғаны туралы ұстанымын қолдады.
ҚР бизнесінің ойынша, ЕЭК ұсынып отырған өнімді таңбалау жүйесі контрафактілі өнімдермен күрес жүргізуге ғана емес, тауарлар айналымын жаппай бақылауға, бизнес жағдайын қатайтуға, тауарларды бақылау тұрғысынан құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған, бұл ҚР кәсіпкерлерінің негізсіз шығындалуына алып келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы қабылданғанын атап өту керек. Тұжырымдама мақсаттарының бірі мемлекеттік бақылау мен қадағалауды анықтау мен жазалаудан профилактика мен ескертуге қайта бағдарлау, тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу болып табылады.
Сонымен қатар, Белорустық делегация бақылау белгілеріне, ішкі бизнес-процестерге КО және БЭК мүше мемлекеттерінің әрқайсысының өз талаптары бойынша ұлттық деңгейдегі «пилоттық» жобасын жүзеге асыру және бақылау белгілерін өзара танумен ЕАЭО аясында жалпы ақпараттық интеграцияланған жүйесін әзірлеу қажеттігін атап өтті.
ҚР ҰКП бұл мәселедегі БР тәжірибесін бірегей деп санайды және 2015-2016 жылдары «пилоттық» жобаны жүзеге асыру мақсатында БР тәжірибесін зерделеу қажет деп ойлайды.
Беларусь Республикасында RFID-таңбалы бақылау сәйкестендіру белгілерімен таңбалау негізінде тауарлардың заңдылығын бақылау жүйесі презентациясымен мына жерде танысуға болады.
Таңбалау жүйесін құру және оның функциялануы бойынша ЕЭК алаңында қарастырылатын құжаттар жобалары:
ИС таңбалау техникалық тапсырмасының жобасы
Пилоттық жобаны жүзеге асырудың жоспар-кестесі
Бизнес-процесс сипаттамасы. Н 3.0 Тауарларды таңбалау
Бизнес-процесс сипаттамасы. Н 5.0 Мүше мемлекет аумағында таңбаланған тауарларды өткізу және қайтару
Бизнес-процесс сипаттамасы. Н 10.0 Басқарушылық/реттемелік/ талдамалық есептіліктің қалыптасуы
Бақылау (сәйкестендіру) белгісіне қойылатын талаптар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: