Ресей Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясында тауарларға таңбалау енгізуді ұсынды
Қазіргі күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер процесі соңғы сатысында жатыр. Осы процесс аясында Үкімет ұлттық экономиканың бұдан арғы дамуы үшін барынша тиімді шарттарды алға тартуда. Қазақстан 3 171 тауарлық позицияны қорғап қалды. ДСҰ-ға әрбір елдің өз бетінше кіруі және өз мемлекетінің мүддесі үшін келіссөздер жүргізетіндігіне орай, бұл позициялар бойынша КО және БЭК елдерінде белгіленген Бірыңғай кедендік тарифтерге (БКТ) қарағанда ҚР үшін әкелінетін кедендік мөлшерлемелер төмен болмақшы.
Алайда осыған байланысты Ресей шетелде жасалған (үшінші елдерде) тауарлардың ҚР арқылы реэкспортталуынан қауіптеніп отыр. Бұл тауарлар РФ-ға жеткізіліп отандық тауарға бәсекелесетін болады. Сонымен, Ресей Қазақстанның аталмыш позициялар бойынша шетелдік тауар әкелінуін барынша азайту бойынша қорғаныш механизмін қарастыруын сұрайды және осы тауар позицияларына таңбалау жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қазіргі күні РФ-ға аталмыш тауар позициялары бойынша Қазақстаннан тауарларды экспорттау болмашы ғана бөлікті құрайтынын атап өту керек.
Осы мәселені реттеу мақсатында ҰКП әлемдік тәжірибеде қолданылатын баламалы шешім ретінде кедендік әкімшілеу механизмін күшейту және жетілдіру қажет деп есептейді. Сонымен, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы РФ қауіптенуін орынсыз деп табады және оны негізсіз әрі мерзімінен ерте жасалып отыр деген ойда, сондай-ақ кәсіпкерлік мүдделерін қорғап шығуға белсенді ат салысатынын хабарлайды. ҰКП пікірінше, аталмыш тауар позицияларын таңбалау ұзақ уақытты алады және мемлекет үшін шығын әкелетін процесс болмақшы әрі қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның айтарлықтай өзгертілуін талап етеді. РФ бұл ұсынысын кәсіпкерлердің кері қабылдағанын атап өтуге болады.
Барлық туындаған мәселелер бойынша ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына номер бойынша жүгінуді сұраймыз: +7 7172 919 372.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: