«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП Ресей ауыл шаруашылық қадағалаудың транзиттік өнімді міндетті тексеру туралы шешіміне алаңдауда

2014 жылғы 04 Желтоқсан
3718 просмотров

Ресей ауыл шаруашылық қадағалаудың импорттық өнімдер транзитіне ресейлік тараптан тексеріс жасалмай өткізілуіне тыйым салуы еуразиялық интеграцияның базалық қағидаты – тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін жүруіне қайшы келеді, деп есептейді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Карантинге алынған өсімдік өнімдерін транзиттік жеткізуді тәртіпке келтіру мақсатында Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау РФ аумағына үшінші елдерге транзитке арналған өсімдік өнімдерін тек қана ресейлік мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттері арқылы әкелу туралы шешім қабылдағанын естеріңізге сала кетейік. ҰКП мұндай тыйымды енгізу үшін ұлттықтың үстіндегі қолданыстағы заңнама аясында құқықтық негіздеме таба алмай отыр.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа (№12 Қосымша 22 тармағы) және Кеден одағының қолданыстағы өсімдіктер карантині туралы Келісіміне (4 бап 1 тармақ) сәйкес, өткізу бекеттерінде карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы карантинге алынған өнімді алып өту кезінде жүзеге асырылады. Дәл сол сияқты, ЕАЭО туралы Шартқа (58 бап 4 тармақ) және Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық шаралар бойынша қолданыстағы Келісіміне (3 бап) сәйкес, ветеринарлық бақылау (қадағалау) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бақылаудағы тауарларды алып жүру кезінде жүзеге асырылады. Осылайша, мүше мемлекеттер арасындағы өткізу бекеттерінде карантиндік фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау (қадағалау) көзделмеген.

Мүше мемлекеттер арасындағы шекарадағы өткізу бекеттерінде тексерістен өту сыртқы экономикалық қызмет субъектілері үшін артық әкімшілік кедергі болып табылады. Оның үстіне, фитосанитарлық және ветеринарлық-санитарлық шаралардың негізгі мақсаты адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, сонымен қатар аумақтың эпизоотиялық әл-ауқаты болып табылатындығын естен шығармау керек. Ресей ауыл шарушылығын қадағалау болса оны Ресейге әкелуге тыйым салынған өнімді бақылау қажеттігіне алмастырып отыр.

ҰКП пікірінше, ресейлік эмбаргоға ұшыраған елдерден азық-түлік әкелуге салынған тыйымды ресейлік тараптың әкімшілеуі Кеден одағы елдеріне қатысты болмауға тиіс және өзара сауданың белгіленген ережелерін бұзбауы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер