«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП құрылыс компаниясына шетелдік мамандар құжаттарын нострификаттауға көмектесті

2014 жылғы 04 Желтоқсан
3467 просмотров

«Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясы бірқатар мамандарының білім туралы құжаттарын нострификаттаудан бас тартуға тап болып, Ұлттық палатадан көмек сұрап келді. Мәселе үш инженер-техникалық жұмысшы дипломының транскрипті жоқтығында болып отыр, себебі құжаттардың түпнұсқалары Палестинада болған жарылыс кезінде жанып кеткен екен; ал шетелдік мамандардың Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде аттестаттаудан өту мүмкіндігі жоқ еді.

Алайда жұмысшыларда нотариуспен расталған диплом көшірмелері бар. Басқаларымен бірге осы дәйекті келтіре отырып ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің Хатшылығы ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына жүгініп, шетелдік мамандардың дипломдары нострификаттаудан өтті.

«Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясынан Ұлттық палата атына алғыс хат келіп түсті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер