«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс саласын реттеу тәуелсіз болуға тиіс – ҚР ҰКП

2014 жылғы 04 Желтоқсан
4177 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық реттемесін (КО ТР) әзірлеушілерге ғимараттар мен құрылыстар қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттемені ұлттық деңгейде қалдыруды, ал КО ТР әрекетін құрылыс материалдарына ғана қолдануды ұсынады. Бұл туралы Астанада өткен құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресінде мәлімденді. Интеграциялық процестер аясында ғимараттар мен құрылыстарға бірыңғай талаптар орнату талпынысы жасалып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Бұл, қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың ойынша, тиімсіз және халықаралық тәжірибеге сәйкес келмейді.

ҚР кәсіпқой құрылыс қоғамдастығының пікірінше, КО ТР «міндетті түрде қолданылуға тиіс виртуалды әрі бүгінгі күні әлі жасалмаған мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ерікті түрде қолданылатын мемлекетаралық құрылыс нормаларына» негізделеді. Ұсынылып отырған құрылыстағы нормалау жүйесінің ғылыми және экономикалық тұрғыдан негізделмегені, ЕАЭО елдерінің қолданыстағы ұлттық нормативтік-техникалық құжаттарын алмастыра алмайтыны аталып өтті.

Кеден одағының барлық елдеріне бірыңғай ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын міндетті талаптар әрбір елдің және ондағы жекелеген өңірлердің сейсмикалық және климаттық ерекшеліктерін ескермейді – деген сенімде ҚР ҰКП. Сонымен қатар, Ұлттық палатаның пікіріне сүйенсек, ғимараттар мен құрылыстар сияқты сатылмайтын тауарларға (өндірілген елде қолданылатын және мемлекеттер арасында алып жүруге келмейтін) қатысты ұлттықтың үстіндегі реттеу орынсыз. Саланы ұлттық реттеу пайдасына келтірілген ҰКП-ның келесі бір дәлелі ол бірыңғай техникалық реттемеге қарағанда құрылысты реттеудегі алдыңғы қатарлы реттеу жүйелеріне, сонымен бірге «еурокодтарға» біршама қысқа мерзім ішінде көшуге мүмкіндік беретіндігінде болып отыр. ҚР Президенті 2015 жылы Қазақстанда «еурокодтарды» енгізуді тапсырғанын естеріңізге сала кетейік.

Осылайша, еліміздегі құрылыс саласын жылдам реформалау бойынша міндеттерді оны ұлттық деңгейде реттегенде ғана орындауға болады.

Бұрындары ҰКП қамқорлығымен ЕАЭО аясында тек қана жылжитын құрылыс өнімдеріне қатысты Техникалық реттеу тұжырымдамасының жобасы дайындалған болатын. Алайда, Ұлттық палатаға белгісіз себептермен, құжат ЕЭК-ке ұсынылған жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер