Қазақстандық фармацевтика өндірушілері GMP стандартындағы зауыттар салуға уәде береді
«РОМАТ» ФК» ЖШС ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атына алғыс хат жолдап, онда GMP талаптарына сәйкес келетін зауыттарды салуға дайын екендігіне сендірді.
«GMP талаптарына сәйкес келетін зауыттар салу бойынша барлық шараларды қолданатынымызға, және де сапалы өнім шығаратынымызға сендіруге рұқсат беріңіз», – деп сендірді компания президенті Тұрарбек Рақыш. Ол сонымен қатар Ұлттық палатаға «СҚ-Фармациямен» ұзақ мерзімдік шарттар жасасу мәселесінде отандық фармацевтика өндірушілеріне көрсеткен қолдау үшін алғысын білдірді.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұлғасындағы бизнес-қоғамдастықтың отандық фармкомпаниялар және «СҚ-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша Жалғыз дистрибьютормен ұзақ мерзімдік шарттар жасауды қорғап қалғанын естеріңізге сала кетейік. Келісім-шарттар жасасу механизмін қайта қарау туралы ҰКП ұсынысын Үкімет қолдаған болатын.
Анықтамалық: GMP (Good Manufacturing Practice) стандарты – бұл дәрі-дәрмектерді, медициналық құрылғыларды, диагностикалық мақсаттағы бұйымдарды, азық-түлікті, тағамдық қоспалар мен белсенді ингредиенттерді өндіруге қатысты нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар жүйесі. Осындай өнімдердің таңдамалы үлгілерін зерттеу жолымен, осы үлгілердің өздерінің ғана қолданылу жарамдылығын қамтамасыз ететін сапаны бақылау процедурасына қарағанда, GMP стандарты біртұтас ұстанымды көрсетеді, өндіру және зертханалық тексеріс өлшемдерін реттейді және бағалайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: