«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП мен Астана қаласы әкімдігі бизнесті қолдау және дамытудағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

2014 жылғы 03 Желтоқсан
3576 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әрекеттестік туралы Келісімге қол қойды. Құжатты негізге ала отырып шағын және орта бизнес үшін көп функциялы өнеркәсіптік кешен, елордада өңірлік сауда орталығын құру және ШОБ субъектілеріне жер телімдерін беру жоспарланып отыр.

«Біз қала әкімдігімен көп функциялы өнеркәсіп кешенін, сауда-логистикалық орталық құру туралы келісімге келдік. Осылайша елордалық кәсіпкерлер үшін заманауи талаптарға сәйкес келетін сауда форматын қолайлы етуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде іскерлік белсенділік негізінде Астана мен Алматыда шоғырланған, және де елдегі жалпы бизнес-климат осы қалаларда бизнестің өзін сезінуіне тәуелді болып отыр», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Ұлттық палата бизнес үшін өзекті мәселелерді қамтитын Келісімдердің бастамашысы болды: жер телімдерін бөлу, мәлімделген қуаттылықтарға сәйкес коммуникациялар тарту және өзге де инфақұрылымдарды жөнге салу. ҚР ҰКП болашақта басқа да әкімдіктермен осындай форматтағы ынтымақтастықты жөнге салуды жоспарлауда.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Әділбек Жақсыбеков бастаған Астана әкімдігінің тығыз ынтымақтастыққа, кәсіпкерлер үшін қала ұсынып отырған нысандар туралы ақпарат беру бойынша ашықтыққа дайын екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ұлттық палата мен Астана әкімдігінің арасындағы Келісімде елордадағы бизнес-климатты дамытуға бағытталған шаралар кешені көзделген. Соның ішінде бұл бірқатар тармақтарға қатысты: елордадағы бизнесті дамыту Картасын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, даму институттарында бизнес мүддесін ұсыну және т.б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер