Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында Алматы облысы кәсіпкеріне қарсы қылмыстық іс тоқтатылды
Осыдан біраз бұрын Ұлттық палатаның баспасөз қызметі және БАҚ жер телімі шекарасының басқа кәсіпкер теліміне салынуы негізінде жері тартып алынған Ерұлан Сахиповтың ісі туралы хабарлаған болатын. Қапшағай демалыс базасында бизнес жүргізуден айрылып қалған бизнесмен үш жыл бойы түйткілді өз бетінше шешуге тырысады, алайда, Сахиповтың айтуынша, оның дәлелдеріне ешкім құлақ аспайды. Содан бизнесмен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.
ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес тұлғасында қайта ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімінің қайта қаралуына қол жеткізеді де, жер телімдерінің құжаттық салынуы графикалық қате жіберген Жер қатынастары бөлімі геодезисінің кінәсінен екендігі анықталып, дәлелденді. Сөйтіп, Сахиповқа қатысты қылмыстық іс ақтаушы негіздер бойынша тоқтатылды. Бұл тартып алынған телімге қатысты сот шешімін қайта қарауға алып келді.
«Жекелеген мемлекеттік органдар өкілдерінің заңсыз әрі негізсіз әрекеттерінен қорғауда кәсіпкерлерге шынайы көмек көрсететін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіремін», – дейді Ерұлан Сахипов Ұлттық палатаға жазған хатында.
Бизнесмен ҚР Ұлттық палатасымен бұдан әрі де тиімді ынтымақтастық жасауға сенім білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: