«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің агроөнеркәсіп кешеніндегі басым бағыттарын белгілеп берді

2014 жылғы 28 Қараша
3756 просмотров

Төралқа басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің жұмыс жиналысы өтті. Комитет басшысы Иван Сауэр сала мәселелерін көтере отырып, қолайсыз күн райынан солтүстік өңірлердегі астықтың өнім бермеуі мен тұқымның жетіспеушілігін биылғы жылдың ең салмақты түйткілі деп атады. Бұл түйткіл әлі көктемде егін егетін кезде алдан шығарына ол сенімді.

Ұлттық палата Төралқа Төрағасы Тимір Құлыбаевтың сөзіне сүйенсек, Комитет халық шаруашылығының жүйелік сипатқа ие, ірі де қарапайым мәселелер жиналып қалған көлемді саласын қамтитын салмақты жұмыстар жүргізуде.

«АӨК-тегі ең ірі экспорттық астық саласы банкрот алдындағы күйде. Ұлттық палата агроөнеркәсіп кешенінің ағымдағы түйткілдерін осыған дейін шешіп келді және бұдан әрі де шеше береді, алайда келесі жылдан бастап ҰКП барлық ведомстволық органдармен бірлесіп жүйелік сипаттағы түйткілдерді шешуге жұмылмақшы. Келесі жылы егістіктің қазіргідей ахуалының қайталануына жол бермеу маңызды», - деп міндетті белгілеп берді Тимур Құлыбаев. Төраға сонымен қатар бес негізгі бағытты атап өтті.

Біріншісі қаржыландырумен байланысты: лизинг, сақтандыру, АӨК-те банктер банкін ықтимал құру және кәсіпкерлерді субсидиялаудың бірқатар механизмдерін құру. Екіншісі мемлекеттік қолдау шараларына қатысты. Бөлініп жатқан үлкен көлемдегі субсидиялар тәртіпке келтірілмеген, өңірлер бойынша дотацияның мақсатқа лайықылығы ойластырылмаған, фермерлерге бөлінетін қаражаттың бір бөлігі ғана жетеді, ақырында мемлекеттік қолдау тиімділігі төмендейді.

«Көптеген елдерде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекет қолдайды, және де бұл дұрыс. Бірақ қаражатты да ақылмен жұмсау керек. Ақшаны мақсатты түрде, қайтымдылықты ескере отырып бағыттау қажет. Шетелден өңірлерге асыл тұқымды мал әкелінді, алайда оған жем-шөп беретін база даярланбаған; беретін жем жоқ пышаққа салынды. Немесе тағы да бір мысал: қант қызылшасын өсіруге айтарлықтай дотациялар бөлінеді, қорытындысында бәрібір тек шикісін ғана қайта өңдейміз. Кейбір өңірлерде тиімсіз бола тұра жиырма жыл бойы астық егіп келеміз. Ұлттық палатаның жергілікті атқарушы органдармен, Ауыл шаурашылық министрлігімен бірлесіп өңірлер ерекшеліктерін пысықтап шығуы қажет. Негізгі және қарапайым міндет азық-түлік импортын қысқартып, ішкі нарықты өзіміздің өніммен қамтамасыз ету»,  - деп атап өтті ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Үшінші бағыт – кадрлар даярлау. Дуалды білім беру процесіне өз беттерінше қосылған көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтар басшылары мамандар тапшылығын сөз қылуда. Бұл жүйені енгізудің Жол картасын Ұлттық палата бастамалап, әзірлегенін естеріңізге сала кетейік. Төртіншісі – сауда, сақтау және жабдықтау жағынан кооперация және логистиканы дамыту. Және де бесінші бағыт – шаруашылықты ұйымдастыру формалары мәселесі. ҚР ҰКП Төралқа басшысы шаруашылықтарды олардың мамандану ерекшеліктері мен аумақтық орналасуын ескере отырып ірілендірудің мақсаттылығын атап өтті.

Тимур Құлыбаев Ұлттық палата Басқармасы мен АӨК комитетіне белгіленген міндеттерге сәйкес іс-шаралар жоспарын жасауды тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер