«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыста корпортивтік басқаруды нормативтік-құқықтық реттеу талқыланды

2014 жылғы 24 Қараша
3479 просмотров

21 қарашада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының төрағалығымен «Корпоративтік басқару саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өкілдері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша «дөңгелек үстелге» қатысушылар корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша тұрақты әрекет ететін жұмыс тобын құру қажеттігі жайлы келісімге келді. Жұмыс тобының қызметі тәуелсіз директорлар институтын дамытуға, Корпоративтік басқару кодексін жетілдіруге, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізуге және «Doing Business» халықаралық рейтингінің «Инвесторлар құқықтарын қорғау» индикаторындағы Қазақстанның позициясын көтеруге бағытталмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер