«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

$4 миллионға бағаланған стартаптың негізін бірге қалаушы «Atameken Startup» Қоғамдық қорына консультация беретін болады

2014 жылғы 20 Қараша
3693 просмотров

IndyBo стартапына СЕО және негізін бірге қалаушы Ескендір Рахманбердиев «Atameken Startup» Қоғамдық қоры Қамқорлық кеңесінің құрамына кірді. Жақында ол Қор директоры Нұрлан Тазабековпен және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевпен кездескен болатын.

Ескендір Рахманбердиев «Atameken Startup» ҚҚ қызметіне жоғары баға берді және Қазақстанда осы саланың даму қажеттігін атап өтті. IndyBo негізін бірге қалаушы шетелдегі жетілдіру бағдарламаларына қатыстыру үшін түлектерді іріктеуде Қорға консультация беруге дайын екендігін білдірді.

Осыдан біраз бұрын қазақстандық БАҚ IndyBо стартапының Лондонда 4 млн долларға бағаланғандығын хабарлаған болатын. IndyBo  – бұл балаларды бағдарламалау және электроника негіздеріне оқытуға арналған жоба. Кеден одағы елдері нарығы үшін өндірісті Қазақстанда, ал Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ нарықтары үшін Қытайда орналастыру жоспарланып отыр. Өнімді сатуды бастау 2015 жылдың басына белгіленген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер