«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестициялық жобаларды еуразиялық даму институттарымен бірлесе отырып жүзеге асыруға болады

2014 жылғы 18 Қараша
3727 просмотров

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауында ұсынылған экономикада құрылымдық реформалар жүргізу әрекетінің алгоритмі жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе жүзеге асыруды болжайды.

Ұлттық палата қазіргі уақытта еуразиялық кеңістік аясында басты қаржы даму институттары Еуразиялық банк және ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры (болашақта – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры) болып табылатындығын хабарлайды.

Еуразиялық даму банкі өтемділік мерзімі 15 жылдан аспайтын құны 30 млн. АҚШ долларын құрайтын орта және ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландырады.

Кәсіпкерлер мұндай кредиттік өнімдерді инвестициялық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, шынайы секторды сауда қаржыландыруы, айналымдық капиталды қаржыландыру ретінде пайдалана алады.

Еуразиялық даму банкі сонымен қатар ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқаруды жүзеге асырады.

ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры мемлекетаралық инвестициялық жобаларды және ірі ұлттық инвестициялық жобаларды қолдауға инвестициялық кредиттер бөледі. Инвестициялық қаржыландыруды ұсынуда жобаны толық көлемде жүзеге асыру үшін нарықтық қаржыландыруды тартудың мүмкін еместігі міндетті талап болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы үшін Қор қаражатына қолжетімділік лимиті 2 млрд. АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.

Палатаның ойынша, еуразиялық даму институттарының қызметі Қазақстан Республикасындағы инвестициялық белсенділікті қолдауға қабілетті.

Еуразиялық даму банкінің штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқандығын ескере отырып, ҰКП кәсіпкерлерді ЕАДБ және ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры арқылы жеңілдікпен қаржыландырудың басымдылықтарын пайдаланып қалуға шақырады.

Барлық сауалдар бойынша ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефонға хабарласа аласыз: +7 (7172) 919 372.

ЕАДБ қаржылай өнімдерімен мына жерде танысуға болады. 

ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорының қаржылай өнімдерімен мына жерде танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер