«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Беларусь ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өндіріс қалдықтарын екінші қайтара өңдеу бойынша ұсынысын қолдады

2014 жылғы 18 Қараша
4138 просмотров

ЕАЭО Кеден кодексі жобасының аясында Беларусь Республикасының Экономика министрлігі Ұлттық палатаның еркін экономикалық аймақ және қоймалар аумағынан өндіріс қалдықтарын екінші қайтара өңдеу үшін кеден процедурасын аяқтаусыз алып кету мүмкіндігін көздейтін ұсынысын қолдады.

Көршілес елдердің ойынша, бұл өндіріс қалдықтарын қолдану процедурасын жеңілдетуге септеседі және кәсіпорындардың оларды екінші қайтара қолдануға қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, экологиялық әсер де оңынан болады.

Бүгінгі таңда КО және БЭК мүше мемлекеттерде қалдықтарды, соның ішінде өндірістік қалдықтарды басқару заңдары әрекет етеді және бағдарламалар әзірленуде. Аталмыш нормативтік құқықтық актілерде, қалдықтарды кәдеге жарату тәсілдерінің көпшілігі қоршаған ортаны ластайтын болғандықтан (өртеу кезінде атмосфераға кететін қалдықтар, алып кетуде полигондар санының артуы және т.б.), оларды жоюға емес, екінші қайтара өңдеуге басымдылық беріледі. Мемлекеттер заңнамалық деңгейде тауар өндірушілерді өндіріс үшін құндылығы жоқ қалдықтарды кәдеге жаратпай, оларды екінші қайтара өңдеуге жіберуге ынталандыратын шараларды көздейді.

Қазақстандық бизнестің ойынша, өндіріс қалдықтарына қатысты кеден төлемдері мен салықтарды декларациялау мен төлеу қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда салмақты кедергі болып табылады.

Осыған орай, ҚР ҰКП бұл норманы ЕАЭО Кеден кодексінің жобасына енгізу төңірегіндегі жұмысын жалғастырмақшы.

Барлық мүдделі тұлғалардың өндіріс қалдықтарын екінші қайтара өңдеу мәселесі бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін мына электронды мекен-жайға жолдауын сұраймыз: a.nurmaganbetova@palata.kz.

БР Экономика министрлігінің позциясымен мына жерде егжей-тегжейлі танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер