Отандық фармацевтикалық компаниялар «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ұзақ мерзімдік шарт жасасты
Отандық фармацевтикалық компаниялар емдік дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-мен емдік дәрі-дәрмектер және медициналық нысандағы бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімдік шарт жасасты. Алдында жасалған келісім-шарттар бұзылған болатын. Бұл, сонымен қатар, салаға тартылған $300 млн тікелей инвестициялардың жылыстау қаупін де төндірген болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Үкімет арасында болған сындарлы сұхбат нәтижесінде отандық фармацевтикалық өндірушілер мемлекеттік сатып алу аясында өз өнімін өткізу мүмкіндігіне қайта ие болды.
Залал шеккен компаниялардан өтініштер алған ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылдың наурыз айында кәсіпкерлер мен министрліктер өкілдерінің басын қосып, Қазақстандағы Бірыңғай дистрибуция жүйесінің мәселелерін жан-жақты талқылауды ұйымдастырды. Кейін ҰКП базасында жұмыс тобы құрылып, топ ұзақ мерзімдік шарттар жасасу механизмін ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына түзетулер жобасын қайта қарау бойынша ұсыныстар жасаған болатын. Отандық фармацевтикалық сала дамуы үшін жағымды орта құруды басымдылық санайтын Денсаулық сақтау министрлігі ұзаққа созылған талқылаулар мен сындарлы пікір бөлісу қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде ҰКП жасаған бірқатар ұсыныстарға қолдау көрсетті.
Сонымен, бизнес-қоғамдастық отандық фармацевтикалық өнім өндірушілер үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарт жасасу механизмін қайта қарауға қол жеткізді. Нәтижесінде ұзақ мерзімдік шарттарының бұзылуға орай залал шеккен компаниялар жаңа байқауға қатысты («АФФ Нобел» АҚ, «Глобал фарм» ЖШС, «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, «ФК «Ромат» ЖШС). Қазірде 13 ұзақ мерзімдік шарт жасалып отыр. Бұл шарттардағы талаптар бойынша отандық фармкомпаниялар тегін медициналық көмек кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу аясында өндірістік желілері іске қосылған сәттен бастап жеті жыл бойында өнімдерінің кепілдікті өткізілуіне ие болады.
Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың мұндай шарасы тартылған инвестицияларды сақтауға мүмкіндік беріп, фармацевтикалық саланың тұрақты дамуына және шығарылатын өнім сапасын көтерумен өндіріске халықаралық стандарттарды енгізуге сеп болды. «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қауымдастығы отандық дәрі-дәрмек өндірушілерді қолдаған және олардың заңды мүдделерін қорғап қалған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына жолдаған алғыс хатында $300 млн тікелей инвестициялардың сақталғаны жайлы да айтып кеткен.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: