«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы Талдықорғанда өтті

2014 жылғы 12 Қараша
- Жетісу облысы
10649 просмотров

Бүгін Талдықорғанда ҚР ҰКП және Алматы облысы КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Кеңес Төрағасы Ғани Қасымов, бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Талқыға салынған мәселелер кәсіпкерлер мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жер қатынастары және монополистермен өзара қарым-қатынасы салаларындағы әрекеттестігінің жүйелі мәселелеріне қатысты болды. ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов мәлімдегендей, бұл мәселелерді жауапты мемлекеттік құрылымдармен күш біріктіргенде тиімді шешуге болады.

Палатаға келіп түсетін кәсіпкерлер өтініштерінің көпшілігі жер мәселелері мен мемлекеттік сатып алуларға қатысты – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңес Төрағасы Баниямин Файзулин. Мысалы, сенім телефонына Алакөл ауданындағы «Алехин А.Н.» Шаруа қожалығынан оның қызметіне кедергі келтірген «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы өкілдерінің әрекетіне шағым түскен. Палата сарапшылары мен прокуратура қызметкерлері араласқан соң қорықтың үш қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жер телімдері заңсыз түрде тартып алынған «Абырой ЖТ» ЖШС және «Март-Агро» ЖШС құқықтары мен мүдделері соттық тәртіпте қорғалды. Сонымен қатар Палатаға Сарқан ауданы әкімдігінің әрекетіне шағыммен «Мұхамади» ШҚ және «Сейсембеков С.» ШҚ басшылары жүгініп, нәтижесінде жер иесінің жер пайдаланушыға оны беруге келісім беруіне қатысты жер қатынастары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әкімдіктің жер телімін беру және жалға алу шартын жасау туралы қаулы шығаруы үшін «Заурбеков Ж.Д.» Жеке кәсіпкерлігінің Сарқан ауданы әкімдігіне өтінішін қараудағы әуре-сарсаң жалғасуда. Кәсіпкер жерді уақытша пайдалану құқығын аукцион арқылы алады, алайда өткізілген сауда нәтижелеріне басқа кәсіпкердің шағымдануы орай жер беруден бас тартылады. «Заурбеков Ж.Д.» ЖК қаулыны енгізуден бас тарту бойынша әкімдіктің әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. Кәсіпкердің талап арызы қанағаттандырылды. Алайда осы күнге дейін кәсіпкерге әкімдіктің сәйкес қаулысы берілген жоқ, шарт жасалмаған. ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің ойынша бұл мәселені шешу үшін жауапты лауазымды тұлға Алматы облысы Сарқан ауданының әкімі Тұратбек Шарапиев болып табылады.

Кеңес Кәсіпкерлер палатасына «Заурбеков Ж.Д.» ЖК құқығы мен заңды мүдделерін қорғауда көмек көрсетуді ұсынды.

Талдықорған қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сумен қамту және су бұру нысандарын жобалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу өткізуде әлеуметтік жеткізушілерден немесе олардың қосалқы мердігерлерінен қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияның болуын талап етуді орнатқан. Алматы облысы прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар байқауына қатысу үшін аталмыш лицензияның талап етілмеуге тиіс екендігін анықтап, осылайша, ТКШ бөлімі қосымша әкімшілік кедергі жасап отыр. Прокуратураның облыс әкімдігіне ұсынысында ТКШ бөлімінің басшысы Малдыбай Қалиевті тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін алға тартты.

Талдықорған қаласы прокуратурасы қала әкімінің аппаратында Талдықорған қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметіне қарсы тексеріс өткізумен бизнес субъектілерінің рұқсат ету процедураларынан өтуі заңдылығы мәніне тексеріс жүргізді.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бизнес субъектілері өтініштерін заңнама аясынан шығуға мүмкіндік беретін формалды түрде қарау тәжірибесін қалыптастырғаны анықталды. Сонымен бірге құжаттарды ресімдеу барысында кәсіпкерлер салмақты түйткілдерге ұшырап жатады. Прокуратура Талдықорған қаласы әкімдігіне Талдықорған қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселені алға тартып ұсыныс жасады, осыған орай, ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес ойынша, бұл мәселе бойынша жауапты тұлға Бөлімнің башысы Қаби Баулықов болып табылады.

Сонымен қатар, «Бизнес тірегі» порталына «Қотыр-Бұлақ Тас-Құм» ЖШС-н Талғар ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім қызметкерлерінің тексеріс жоспарына енгізуінің заңдылығына қатысты жеті кәсіпкерден келіп түскен өтініштер қаралды. Кеңес мүшелері ТЖД-ға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдап, оны қарау нәтижелері бойынша тексеріс жоспардан алынып тасталды.

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес Төрағасы Ғани Қасымов үстіміздегі жылдың 28 қазанында Астанада өткен прокуратура органдары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы жиналыс қорытындысы бойынша прокуратура мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша бірлескен іс-шаралары үлгілік жоспарының бекітілгенін еске сала кетті.

Ол бизнесті кез-келген мәселе бойынша Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінуге шақырып, сонымен бірге әрбір өтінішті сарапшылардың, қажет болған жағдайда – прокуратура органдарының да мұқият қарастыратынына сендірді. Үлгілік жоспар аясында сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары органдарын, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беруді, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қаржылай қолдау ұсыну тәртібін, кәсіпкерлік  субъектілеріне табиғи монополиялар субъектілері желілеріне қосылуға техникалық шарттар берілу тәртібін, кәсіпкерлерді доминаттар мен монополистер тізіліміне енгізудің заңдылығы мен негізділігіне талдау жүргізу мен тексеру жоспарланып отыр.

«Мұндай жүйелік түйткілдердің болуы мемлекеттік органдардың бизнеспен әрекеттестігі мәселелерінде артық төрешілдік жөнінен хабар береді. Бұған жол беруге болмайды. Кеңестің міндеті кәсіпкерлік қызметті жүргізуге жағымды жағдай жасау. Бизнес-қоғамдастыққа тұрақты дамуда сенімділік және Кәсіпкерлер палатасы тұлғасындағы тірек болуы қажет», - деп қорытты Ғани Қасымов.

Талқылау барысында тараптардың пікір алмасып, болашақтағы тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізгенін айта кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер