«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті меморандумға қол қойды

2014 жылғы 13 Қараша
3445 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сот билігінің органдарының арасында өзара ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты, ол республикалық және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды арттыру тиімділігіне негіз болып табылады.

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Департамент Басшысы Ілияс Испанов, ал ҰКП тарапынан Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Мұқаев қол қойды. Аталған меморандумға қол қою туралы а.ж. 25 тамызда Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұсынылды.

Меморандум заң үстемдігі, әділеттілігі пен ашықтық қағидаттарына негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі ынтымақтастыққа қол жеткізуді көздейді. Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтаса іс-қимыл жүргізетін болады:

- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелеріндегі өзара іс-қимыл;

- кәсіпкерлік субъектілері қатысқан сот істерін қарау кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

- экономикалық сипаттағы дауларды қараудың баламалы және сотқа дейінгі нысандарының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне әдістемелік және құқықтық жәрдем көрсету;

- сот жүйесінің қызметі туралы кәсіпкерлерді кеңінен хабардар ету бағындағы өзара іс-қимыл.

Кәсіпкерлердің соттармен өзара іс-қимылы және жасалған Меморандумның артықшылықтары туралы ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Нұрлан Мұқаев Меморандумға ұлттық палатаның ұсыныстары енгізгені үшін алғыс айтты. Ұлттық палата өкілдерінің сот ақпаратына қол жетімділігін кеңінен қамтамасыз ету құжаттың маңызды қағидасы болып табылады.

Кездесу барысында І.Испанов Жоғарғы Сот Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауын іске асыру аясында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша берілген тапсырмаларын жүйелі іске асыруға кіріскендігін атап өтті. Осы тұрғыда меморандумға қол қою аталған жұмыстың тәжирибелік тұрғыдан жүзеге асуының көрінісі болып табылады. Меморандумды іске асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өтетін сот істерін қарастыруға, сот процестеріндегі төрешілдікті азайтуға және олардың ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылады.

Жалпы алғанда, тараптар Мемлекет басшысының кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тапсырмаларын сапалы іске асыру бірлесе жұмыс жасауды талап ететіндігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер