Астанада компанияға салынған шамамен 700 млн теңге көлеміндегі негізсіз айыппұл алынып тасталды
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «ИНТЕР РАО Орталық Азия» ЖШС негізсіз салынған айыппұлды болдырмауға көмек сұрап келді.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Астана бойынша Департаментінің қаулысымен «Интер РАО Орталық Азия» ЖШС ҚР ӘҚтК 147-6 бабы 3 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 683,1 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл «электрмен жабдықтаушы ұйымның басқа электрмен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізгені» үшін салынады. Алайда «Интер РАО Орталық Азия» ЖШС электр тоғын Ресейден импорттаған, сондықтан да электр энергиясы туралы заңға сәйкес, ол энергиямен жабдықтаушы емес, энергия өндіруші компания болып табылады. Қаулыға шағым берілгенмен, алайда Астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оны күшінде қалдырады.
ҚР ҰКП жәрдемдескен соң, Бас прокуратура ЖШС жүгінімін қанағаттандырып, ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасына осы іс бойынша сот актісін болдырмау мәніне наразылық жасалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: