«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасындағы «Кәсіпкерлікке қарсы» нормаларға орай үш жақты бизнес-сұхбат үндеуін әзірлеуді ұсынды

2014 жылғы 10 Қараша
3949 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ресейлік және белорустық әріптестеріне Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасымен байланысты түйткілді мәселелерді шешуде үш ел бизнес-қоғамдастығын біріктіру ұсынысымен жүгінді. Сәйкес мазмұндағы хат РӨКО, «БелӨКҚ», РФ СӨП, «Іскер Ресей» басшылары және «РЕСЕЙ ТІРЕГІ» ұйымы атына жолданды.

Абылай Мырзахметов белорустық-ресейлік-қазақстандық Бизнес-Сұхбат бастамасының арқасында құжат жобасына үш ел бизнесі ұсынған бірқатар шаралар енгізіліп, іскер топтардың сарапшылары жобаны әзірлеуге тікелей ат салысқанын атап өтті. 

«Кеден ісі саласындағы бас құжатпен жұмыс қысқа мерзімде жүргізіледі, және де, өкінішке орай, мемлекеттік органдар кәсіпкерлер пікіріне үнемі құлақ аса бемейді, - деп айтып кетті хатта ҚР ҰКП Басқарма төрағасы. – Қазақстанның іскер топтарының ойынша, кедендік құқық қатынастарын реттеуші 16 халықаралық шарт пен 6 жоба ережелері іске асырылған ЕАЭО Кеден кодексі жобасының айтарлықтай көлемі, сондай-ақ жобаның бірдей түсінуге «ауыр» мәтіні құқықтық қайшылықтарға және екі жақты түсіндіруге алып келеді. Ал тәжірибе көрсетіп отырғандай, Кеден кодексіндегі қателіктер мен кемшіліктерді жою жылдарға созылуы мүмкін».

ҚР ҰКП құжат жобасына Еуроодақ Кеден кодексіне ұқсатып, тек шекті стандарттарды қосуды лайықты деп пайымдайды. Ұлттық палатаның пікірінше, барлық егжей-тегжейлерді Комиссияның шешімдерінде, өкімдерінде және нұсқаулықтарында баяндауға болады.

ЕАЭО КК жобасына енгізілген бірқатар нормалардан Қазақстанның кәсіпкерлік қоғамдастығы айтарлықтай қауіптеніп отыр, деп хабарлады Абылай Мырзахметов және ЕЭК Алқасы төрағасы Виктор Христенконың атына белорустық-қазақстандық-ресейлік Бизнес-Сұхбаттың үндеуін әзірлеуді ұсынды.

Халықаралық сауда жүргізу шарттарын нашарлататын және СЭҚ қатысушылары жауапкершілігін қатайтатын нормалар

1. Тауарларға декларациялардағы мәліметтер көлемін ұлғайтуды белгілейтін норма (тауарлы сатып алушы туралы мәліметтер, тауардың бір бірлігі үшін баға туралы, тауар белгісі туралы мәліметтер).

Киото конвенциясы нұсқаулықтарына сәйкес кеден декларациясы шығару үшін айтарлықтай мәнге ие негізгі мәліметтерден тұруға тиіс және қандай да бір оқиғаны нақтылайтын екінші кезектегі ақпаратпен артық жүктелуге тиіс емес. Күмәнді мәліметтерді мәлімдегені үшін декларант әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда заңнама кеден декларациясында қандай мәліметтер жайлы – негізгі не қосымша мәлімет жайлы сөз болып отырғанын ажыратып жатпайды – жауапкершілік теңдей қолданылады. Мысалы, Еуропалық одақта импорт кезіндегі кеден декларациясының 26 бағаны міндетті орындауға жатады, ал бізде болса, барлық 54 баған толтырылады, оның үстіне егжей-тегжейлі түрде.

КО және БЭК мүше елдер заңнамасында тауарларды декларациядан өткізбегені немесе күмәнді декларациялау үшін қатаң ықпалшаралар белгіленген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазалау шаралары істеген іске барабар келмейді, бұзудың мәніне қарамайды және жазалау бағытына ие.

Тауарлар декларациясындағы мәліметтер тізбесін ұлғайту – кәсіпкерлердің уақытша және қаржылай шығындарын ұлғайтуға, сондай-ақ кеден төлемдері мен салықтарды төлеу мөлшеріне әсер етпейтін болар-болмас  қателіктер үшін айыппұлдар қатарының өсуіне тікелей қадам.

2. Кедендік транзит кеден процедурасы бойынша қамсыздандыру ретінде кеден органдары қолданатын төлемдер тізбесін (арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждар) кеңейтуді белгілейтін норма.

Іскерлік топтар өкілдері үшін бұл жаңалық айналымнан айтарлықтай ақша қаражатын болжамсыз көлемде бұруға әкеледі.

3. Кеден органдарының тауарды шығарғаннан кейін тұлға құжаттарды ұсынбаған жағдайда, не болмаса кеден органында құжатта берілген мәліметтер күмәнді болып табылуының белгілері болып жатса, тауардың физикалық сипаттамасын өзбетінше анықтауға, жіктелуді өзбетінше жүзеге асыруға, тауардың кедендік құнын, шығу тегін анықтауға құқық орнататын норма.

Тараптардың мемлекеттік органдарынан сарапшылар қолдаған норма кеден органдарының декларацияны өз қарауынша «қайта жасауына» мүмкіндік береді және жемқорлықтың жол алуына жағдай жасайды. Сонымен бірге «сауда» мәні декларацияның негізгі құрамдастары болады: тауар коды, салмағы, саны, құны, шыққан елі.

4. Кеден баждары, салықтар мөлшерлемелерін белгілейтін, сондай-ақ жеңілдіктер беру шарттарын өзгертетін актілері жарияланған, бірақ күшіне енбеген тауарлар үшін алдын-ала кедендік декларациялауды қолдануға тыйымды белгілейтін норма.

Мұндай норманы енгізу сауда процедураларын жеңілдету бойынша тұжырымдамаға сәйкес келмейді, себебі дәл осы алдын-ала декларациялауды қолдану механизмі ТБЖ қолдану, жеткізу құрылымын алдын-ала зерделеу мақсатында мәліметтерді күні бұрын мәлімдеуге бағытталған.

Одақ Кеден кодексінде бұл норманың болуы кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуде болжап болмайтын жағдай жасайды және мемлекеттеріміздің инвестициялық тартымдылығының күрт төмендеуіне әкеледі.

5. Кеден органының тауарларға тыйымдар мен шектеулер, арнайы, қорғаныш, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар, арнайы квота қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда тауардың шығу тегі туралы сертификатты сұрату құқығын белгілейтін норма. Сонымен бірге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты бергенге дейін  тауарды шығару жүргізілмейді.

Аталмыш қосымша Кеден одағының қолданыстағы Кеден кодексімен салыстырғанда СЭҚ қатысушысының жағдайын қатайта түседі, оған сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсыну тарифтік артықшылықтарды берумен шартталады, өзге жағдайларда тауардың шығу тегі туралы декларацияны ұсыну да жеткілікті.

Одақтың КК жобасын әзірлеушілер жобада артық реттеу, кеден операцияларын жасау мерзімдерінің қысқартылғаны, тауарларды автоматты түрде шығару туралы мәлімдейді. Бірақ сонымен бірге Одақтың КК жобасына  «үдемелі» қосымшаларды енгізу СЭҚ қатысушылары жауапкершілігін күшейту есебінен орын алып отыр.   

СЭҚ жүзеге асыру шарттарын қатайтатын осы нормаларды жүзеге асыру кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қаржылай және уақыт ысырабына, жемқорлықтың өсуіне алып келеді.

Қазақстандық бизнес ұсыныстары

Сонымен бірге кедендік реттеу шарттарын ырықтандыруға бағытталған қазақстандық бизнес ұсыныстарын мемлекеттік орган өкілдері ашықтан-ашық елемеуде, бұл  кәдүмгідей алаң тудырып отыр. Сонымен, мысалы, мынадай түзетулер қабылданбады:

1) Одақтың КК жобасында тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау жүргізудің бірыңғай мерзімін орнату туралы – тауардың кеден бақылауында болуы аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде;

Қазақстанда кеден органдары СЭҚ ТН бойынша тауарлар кодтарын өзгерте отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін  бесінші жылы миллиондаған кеден баждары, салықтары мен өсімпұлдарын үстеме есептеуінің жағымсыз тәжірибесі орнығып қалған, ал бұл кәсіпкерлердің банкротқа ұшырауына әкеледі және Қазақстанның экономикасы мен инвестициялық климатына жағымсыз әсерін қалдырады.

2) «қатені ерікті түрде мойындауды» енгізу – декларантты КО және БЭК мүше мемлекеттер заңдары орнатқан жауапкершілікке тартпау.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер