«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2015-2019 жылдарға арналған Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары қабылданды

2014 жылғы 11 Қараша
4131 просмотров

Бұл құжатта ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 17 ескертуі мен ұсынысы ескерілген.

ҚР Президентінің қатысуымен өткен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жылғы бірінші жартыжылдық нәтижелері» жиналысының қорытындысы бойынша Елбасының үкіметке жеке Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп, бекітуге тапсырма бергені белгілі.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын белсенді түрде тартумен Любовь Худова басшылығымен ҰКП, «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ жұмысының нәтижесінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Кешенді жоспарда бизнес-қоғамдастықтың 17 ескертуі мен ұсынысын ескерді.

Ұсыныстар салаға инвестиция тарту механизмдерін жақсарту, өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімдері сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын сынақ зертханаларын құру жағынан жолданған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер