ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үлескерлік құрылыс туралы қайтарып алынған заң жобаларын түзетуге қатысады
«Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері бойынша өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Заң жобаларын қарау бойынша Жұмыс тобының соңғы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінен аталмыш заң жобаларының қайтарып алынғандығы туралы хабарлады.
Қайтарып алуға үлескерлік құрылыс қатысушыларының Мемлекеттік кепілдік қорын құру және функциялану тәртібі туралы бөлімдерді қосу жағынан заң жобасын түзету қажеттігі негіз болды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, түзетілген заң жобалары ҚР Парламенті Мәжілісіне 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде енгізілмекші.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заң жобасын түзету жөніндегі жұмыс тобына өз кандидаттарын жолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: