«Сауда Үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада «Сауда Үздігі» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Ведомствоаралық байқау комиссиясы шешімімен «Жылдың ең үздік басшысы» номинациясындағы гран-при «Анвар» ЖШС (Ақтөбе) басшысы Андрей Текебаевқа берілді. Сонымен қатар осы номинацияда Павлодардан Зинаида Пархоменко, Ақмола облысынан Елена Мащинская және Маңғыстау облысынан Зарета Фаталиева жеңімпаз атанды. Ақтөбелік Асқар Ермаханов («Жандос және К» ЖШС Орталық базар) ең үздік жас басшы атанды. Басқа номинациялардағы жеңімпаздар тізімі төменде ұсынылып отыр.
2 орын - «Крендель» ЖШС (г. Павлодар қаласы)
3 орын – «Бекжан» ЖК «Ақмарал» көтерме базары
3 орын - «Шығыс» базары (Ақтөбе қаласы)
3 орын – «Lease Reality Group» ЖШС «Рахмет» әкімшілік-сауда орталығы (Қызылжар ауданы, СҚО)
2 орын – «Славянский двор» (Текелі қаласы)
3 орын – «Баян» Демалыс аймағы «Бүркіт шыңы» ЖШС (ШҚО)
1 орын - «Хамле Компания ЛТД» ЖШС (Қаскелең қаласы, Алматы облысы)
«Камирдинова» ЖК, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы.
Сонымен қатар, Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы «Сауда Үздігі 2014» байқауын ұйымдастыруға және өткізуге белсене ат салысқаны үшін ҚР ҰКП Сауда комитеті хатшылығын, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасын, Ақтөбе облысы Сауда кәсіпорындары қауымдастығы филиалын, Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын, Алматы облысы кәсіпкерлік басқармасын алғыс хаттармен марапаттады.
«Сауда Үздігі» Республикалық байқауы 2002 жылдан бері Қазақстанның әрбір өңірінде өткізіліп келеді. Байқау шарттарына сәйкес, жылдың ең үздік басшысы кезекті «Сауда Үздігі» байқауын өз қаласында өткізеді. Яғни келесі жылы байқау Ақтөбе қаласында өтпекші», – деп хабарлады Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті, ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: