«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

I Азиялық бөлшек сауда бизнес-саммиті Астанада өтуде

2014 жылғы 06 Қараша
3268 просмотров

Еуразиялық кеңістікте сауданың даму мәселелері алғаш рет Астанада Халықаралық деңгейде көтерілді. Бүгін, 6 қарашада, «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» I Азиялық бөлшек сауда және тұтынушылық тауарлар дистрибуциясы бизнес-саммиті бастау алды. Оған түрлі елдерден 500-ден астам делегат келіп қатысты. Саммитті BBCG Қазақстан және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева өзінің құттықтау сөзінде барлық сауда және тауарларды алға жылжыту процесіне қатысушылардың, сондай-ақ мүдделі тұтынушылардың сындарлы сұхбат құруына мүмкіндік берген оқиғаның бірегейлігін атап өтті.   

«ҰКП басшылығының атынан саммитке қатысушылар мен делегаттарды құттықтай отырып, барлығыңызға табысты, нәтижелі жұмыс тілеймін. Ұлттық палата үшін басымдылық отандық өндірісті қолдау және дамыту болып табылатындығын баса айтқым келеді. Бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіру осы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өркендету, сатудың бәсекеге қабілетті жүйесінсіз мүмкін еместігі сөзсіз. Саммит өтетін екі күн ішінде сауданың заманауи форматтары, тауарды өркендетудің жаңа формалары, ынтымақтастық түрлері төңірегіндегі мәселелер талқыға салынады. Жекелеген кәсіпорындардың табыстылығы ғана емес, елдеріміздегі жалпы экономикалар жетістігі осының барлығына тәуелді болып отыр», – деді қатысқандарға Гүлнар Құрбанбаева.

Көлемді оқиға кәсіпкерлер-сауда компаниялары иелерінің, құрылтайшылардың, жаһандық желілерге ие ірі бизнес-серіктестердің басын қосты. Саммитке Қазақстан, Ресей, Беларус, Болгария, Индонезия, Германия, Пәкістан және басқа да елдердің ірі кәсіпкерлері, өндіруші компаниялар басшылары, импортшы кәсіпорындар және бөлшек сауда фирмалары қатысты. «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» I Азиялық бөлшек сауда және тұтынушылық тауарлар дистрибуциясы бизнес-саммиті барысында Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі келешегі бар тауар нарықтары, БЭК елдеріндегі кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, өндірістің өсу нүктелері және ритейлдің жаңа мүмкіндіктері, ұлттық брендтерді қолдау, сауда жылжымайтын мүлкінің даму келешегі, қозғалыс логистикасы және тауарларды сақтаудың заманауи жүйелері талқыланады.

Саммит өз жұмысын ертең аяқтайды. «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» аясында «Сауда Үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер