ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығы Қазақстандағы Еуропалық Бизнес Қауымдастығына мүше шетелдік компаниялармен кездесті
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандағы Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (ҚЕБҚ) басшылары Алматыда өткен кездесуде өзара әрекеттестік және ынтымақтастық келешегі мәселелерін талқыға салды. ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өзінің алғысөзінде Палата қызметінің сыртқы ашықтығын және әрекеттестікке үнемі дайын екендігін баса айтты. Ұлттық палатаның басымдылықтары туралы айта келіп, ол ҚР ҰКП мүшелері төлеуге тиіс жарналарды есептеу әдістемесі мәселесіне егжей-тегжейлі тоқтала кетті.
Абылай Мырзахметов Үкімет бекіткен шекті мөлшерлер туралы айта келіп, бүгінде Қазақстанда тіркелген барлық кәсіпкерлік субъектілерінің арасында (1 миллионнан астам) ҰКП мүшелік жарнасын төлеушілер 2%-дан төмен болып табылатындығын хабарлады.
«Отандық бизнесмендердің басым көпшілігі - 98% - төлемнен босатылған, себебі осы субъектілердің әрқайсысының жылдық жиынтық табысы 60 мың АЕК-тен аз мөлшерді құрайды», – деп түсіндіріп кетті Абылай Мырзахметов. 2%-дан аз көлем – бұл 22 мың ірі компания. Олардың ішінде 20 мыңы (жылдық жиынтық табысы 60 мың АЕК-тен 1,5 млн АЕК-ке дейінгі) 160 АЕК төлеуге тиіс, немесе жылына 300 мың теңгеге жетпейтін сома. 2 мыңы (жылдық жиынтық табысы 1,5 млн АЕК-тен асатын) – 4 400 АЕК, немесе жылына 8 млн теңгеден астам сома. Қазірде Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна мөлшерін есептеу әдіснамасын жетілдіру үшін, кәсіпкерлерден пікірлер мен ұсыныстар жинау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлік субъектілерінен алынған қаражатты бақылауды Палатаның ревизиялық комиссиясы жүзеге асырады. Ол өзінің бірінші есебін 2014 жылғы 25 маусымда өткен І съез барысында ұсынды.
Ұлттық палата салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтармен (одақтармен), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі бизнес бірлестіктерімен әрекеттеседі. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қауымдастықтарды «ҚР ҰКП туралы» Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, тендерлік комссиялар мен консультативтік-кеңесу органдарына қатысуға тарту болып табылады. «Бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмсыстар белсенді түрде жүргізілуде, мысалы, «KAZENERGY»-мен, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығымен. Бұл салалардың нақты мәселелерін сапалы түрде шешуге, қауымдастықтың сараптамалық әлеуетін белсендіруге және кәсіпкерлерді барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ҚР бизнес-қоғамдастығының заңды және объективті өкілі ретінде тендерлік комиссияға қатысуы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өткізетін сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі. ҚР ҰКП өкілдері республикалық және жергілікті деңгейде кәсіпкерлердің мүддесін қозғайтын барлық дерлік консультативтік-кеңесу органдарының құрамына енгізілген, бұл заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу кезінде бизнестің мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысқан шетелдік компаниялар өкілдері Палатамен әріптестіктің табысты тәжірибесімен бөлісті. Тараптар арасында сындарлы да ашық сұхбат орын алды. Кездесуге қатысушылар болашақтағы тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірісті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: