«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұтас тегістелген доңғалақтар импорты бойынша демпингке қарсы тексеру басталды

2014 жылғы 05 Қараша
3771 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия Украинада шығарылатын тұтас тегістелетін доңғалақтар импортына қатысты демпингке қарсы тексеруді бастады.

Осыған орай жүргізілетін тексеру аясында мүдделі тұлғалардың үстіміздегі жылдың 17 қарашасына дейінгі мерзімде тексеруге қатысушы ретінде тіркелу мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз.

Мүдделі тұлға тексеруге қатысушы ретінде тіркелген жағдайда:

- тексерудің құпия емес материалдарымен таныса алады;

- бұқаралық тыңдаулар өткізу туралы өтініш жасап, оларға қатыса алады;

- тексеру аяқталғанға дейін соңғы қорытындының құпия емес нұсқасымен танысып, өз түсініктерін бере алады.

Тұтас тегістелген доңғалақтарға қатысты демпинг дәлелденген жағдайда (КО СЭҚ ТН 8607 19 100 9) демпингке қарсы баж салынады, не болмаса тауарды экспорттаушылардың бағалық міндеттемелері қабылданатындығын қосымша хабарлаймыз.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш мәселе бойынша консультациялық көмек көрсетуге дайын. Қызығушылық туындаған жағдайда Экономикалық интеграция департаментіне мына телефон бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 919-372. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер