«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық өндірушілер тауарларын сертификаттау («СТ-KZ») саласында проблема көп – ҚР ҰКП

2014 жылғы 29 Қазан
3708 просмотров

29 қазанда өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтып кеткендей, қазақстандық өндірушілерді сертификаттау саласында «түйткілді мәселелер жиналып қалған». ҰКП барлық кезеңдерін бір уәкілетті органның қоластына жинақтау жолымен «СТ-KZ» сертификатын ресімдеу процедураларын оңтайландыруды алға тартуда. Нұржан Әлтаевтың ақпаратына сүйенсек, бұл мәселе қазірде Үкіметтің сәйкес тапсырмаларын орындау аясында түрлі деңгейлерде талқылануда.  

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға сәйкес 2014 жылғы 12 шілдеден бері ҰКП тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу, куәландыру және беру бойынша функцияны жүзеге асырып келе жатқанын түсіндіре кетейік. Осының алдындағы процедура – сараптама жүргізу және сәйкес актіні ресімдеумен жеке меншік сараптау ұйымдары айналысады. 

Нұржан Әлтаевтың хабарлауынша, жергілікті мазмұн үлесі шынайыдан айтарлықтай ерекшеленетін бұзулармен ресімделген сараптау актілері анықталған деректер де кездеседі.

«ҰКП туралы» Заңға сәйкес, биылғы жылдың шілде айында отандық тауар өндірушілерді сертификаттау бойынша функциялар біздің қоластымызға көшкен болатын. Бұрындары мұнымен Сауда-өнеркәсіптік палата айналысып келген еді. Бізге сонымен бірге бір төбе проблема да ілесе келді. Өкінішке орай, бүгінде өз тауарларында шынайы қазақстандық мазмұн кездеспейтін арамза кәсіпкерлер «СТ-KZ» сертификаттарын алып жататын жағдайлар да болып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай ұйымдар мен кәсіпкерлердің сертификаттарды алуына жол бермеуге аса салмақпен көз тастауда. Қазақстанда жергілікті мазмұн үлесін анықтау мәніне тауарларды сараптауды жеке меншік сараптау ұйымдары жүзеге асырады. Олардың арасында «бір күндік» деп аталатын, белгілі бір ақыға қазақстандық мазмұннан тұрмайтын тауарларға сараптама актілерін беруге дайын компаниялар да кездеседі. Осымен шындап күреспекшіміз», – деді Нұржан Әлтаев.  

Осыған орай ҚР ҰКП құзырлы органдардың тауардың  шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және берумен байланысты барлық функцияларды Палатаға беру мүмкіндігін қарауды ұсынады. ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сонымен қатар Ұлттық палатаның отандық тауар өндірушіні сертификаттау бойынша жаңа нормативтік базаны қалыптастыру үшін әрекеттегі заңнамаға түбегейлі өзгертулер жобасын әзірлеп жатқанын атап өтті.

Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беруге қатысты заң жүзінде бекітілген функцияларды тиімді түрде жүзеге асыру үшін, Ұлттық палатаның «Тауарлардың шығу тегін сертификаттау орталығы» ЖШС заңды тұлғасын құрғанын естеріңізге сала кетейік. Барлық өңірлер мен моноқалаларда оның филиалдары бар. Палата Басқармасы қызмет көрсету тарифін 4-тен 2 АЕК дейін түсіріп, бұл өндірушілердің шығынын жылына 200 мың теңгеден астам сомаға түсіруіне мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер