Ауыл шаруашылық статистикасын жинау жүйесі маңызды реформаны қажет етеді – ҚР ҰКП
Ауыл шаруашылық статистикасын жинау жүйесіне маңызды реформалау қажет, деп хабарлайды palata.kz ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевқа сілтеме жасай отырып. Атқарушы органдар мен сарапшылар мәліметтеріндегі айырмашылық проблемасы бірінші рет орын алып отырған жоқ, деп атап кетті ол, алайда биылғы жылғы жағдай бірегей сипатта болып отыр.
«Биылғы жылғы айырмашылық айтарлықтай елеулі. Бұл жерде уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органдарды жаңарту міндет болып отырған жоқ. Бұл ортақ проблема. Ауыл шаруашылық статистикасын жинау жүйесінде маңызды реформа жүргізу қажет. Әйтпесе жағдайға шынайы баға беріп, сәйкес шара қолдана алмаймыз», - деп ұсынысын айтты Рахым Ошақбаев.
Ауыл шаруашылық министрлігінде де бұл түйткілді жоққа шығарып отырған жоқ. 28 қазанда өткен ОКҚ брифингте АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов атап өткендей, ғарыштық мониторинг пен облыстық басқармалар берген деректер арасындағы айырмашылық 12% жетуі де мүмкін. Ауыл шаруашылық министрлігінде сонымен қатар жағымсыз ауа райы жағдайларымен байланысты егістікті жинаудың күрделі жағдайлары белгіленді. 27 қазанға дейінгі күйі бойынша, жарияланған ақпарат бойынша, 13,1 млн гектардан астам егіс жиналған (87,5%), орташа өнімділік 12,3 ц/га болған жағдайда 16,2 млн т астық бастырылған. Кейбір шаурашылықтарда техникалық проблемалар және басқа да бірқатар түйткілді мәселелер салдарынан жинау жұмыстары аяқталуы 25 %-ға жетпейді, деп хабарлайды АШМ.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде әрекет етуі аграрийлердің проблемаларын жедел және тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретінін баса айтуда. Сонымен, 24 қазанға дейінгі күйі бойынша облыстардағы операторлар дизельді отынның 27,7 мың тоннасына төлем жасаған, не болмаса астықты кептіру, тасымалдау және ақтық әзірлеуге арналған көлемнен 52 % (қазан-қарашаға 53,5 мың тонна). ҰКП әсіресе Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының белсенді шараларын атап өтуде, онда сәл бұрын егістікті жинауды қиындатып жіберген жағымсыз ауа райы жағдайлары қалыптасқан болатын; өңір әкімдігіндегі үйлесімді жұмыстар, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірушілерін ЖЖМ-мен қамтамасыз ету, СҚО аграрийлері үшін қолайсыз жағдай әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. ҰКП жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шараларды құптап, бірлескен жұмыстарға дайын екендіктерін білдірді.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлттық палата ұсынып отырған шараларды атап берді: «Бірінші ұсыныс ауыл шаруашылық өндірушілерінің «Азық-түлік корпорациясы» және «ҚазАгро», сондай-ақ екінші деңгейлі банктер желісі бойынша кредиттерді жабу бойынша міндеттемелерін жаппай орындамауымен байланысты. Астық сапасының төмендігі, ылғалдықтың жоғарылығынан ауыл шаруашылық өндірушілерінің өз міндеттемелерін орындауына ақшалай қаражаты жетпеуі мүмкін. Сондықтан да осы кредиттер мерзімдерін ұзарту мүмкіндігін қарауды сұраймыз. Екінші өткір мәселе – бұл тұқым дайындау. Бірқатар шаруашылықтар астықтың сапасыздығынан, жоғары ылғалдық себебінен тұқым жетіспейтінін айтады. Уәкілетті орган қабылдайтын сатып алу бағаларының көтерілуі бойынша шараларды құптаймыз. Келесі бір тәсіл – элеваторларда жатқан астықты белсендіру, және де оны тұқым қорына жөнелту». Рахым Ошақбаев «Астық туралы» ҚР Заңының ауыл шаруашылық өндірушілеріне тұқымдық ссуда беру мүмкіндігін көздейтіндігін баса айтты. ҰКП ойынша, шектеу аясы 100 мың тоннадан кеңейтілуі мүмкін.
Астық бағасын көтеру бойынша айтылып кеткен шараларға келер болсақ, 2014 жылы 3 топтағы жұмсақ бидайдың құны ішкі нарықта бір тонна үшін 42 000 теңге деңгейінде қалыптасалы, 4 топ – 36 000 теңге, 5 топ – 28 000 теңге. Астық сапасын жоғалту және оның төмендеуі астық бағасын өсіру есебінен өтелуі мүмкін, деген сенімде АШМ.
ОКҚ брифингінде аталып өткендей, Ауыл шаруашылық министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұдан арғы сындарлы әрекеттестікке даярлықтарын білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: