«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата мен Бас прокуратура әкімшілік кедергілерді анықтай отырып, оза жұмыс істемекші

2014 жылғы 28 Қазан
3395 просмотров

Бас прокуратурада өткен кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бейнеконференцияда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлімдеді.

Төрағаның айтуынша, Бас прокуратура мен ҰКП Орталық аппаратының қызметкерлері әкімшілік кедергілерді анықтауға және жоюға бағытталған Бірлескен іс-шаралардың үлгілік жоспары жобасын әзірлеп шыққан. Сонымен қатар, бұл талдау Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы Елбасына жыл сайынғы жасалатын Ұлттық баяндаманы даярлау бойынша ҰКП функциясын жүзеге асыру үшін және «Іскерлік климат» тәуелсіз рейтінгін жүргізу үшін де қажет.

Өңірлік консультативтік-кеңесу органдарына бизнестің қатысу үлесінің 50 пайызы туралы айта келіп, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов жергілікті атқарушы органдарды осы жұмысты жылдамдатуға шақырды.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, консультативтік-кеңесу органдары кәсіпкерлер құқықтарын қорғауда үлкен роль ойнайды, себебі бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын қолданудың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, бизнеспен кері байланыс орнауының жүйелік құралы болып табылады», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.

ҰКП Басқарма басшысы кәсіпкерлер жүгінуінің өскенін айта келе, Өңірлік палаталарға келіп түскен 2200 өтініштің ішінен негізгі үлес былайша бөлінетіндігін хабарлады:

- 20% немесе 459 өтініш жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімдеріне;

- 11% немесе 258 өтініш салық органдарына;

- 7% немесе 157 өтініш мемлекеттік сатып алулар бойынша;

- 5% немесе 108 өтініш табиғи монополиялар субъектілеріне;

- 3% немесе 70 өтініш аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласына келіп түскен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер