«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аясында Алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасын әзірледі

2014 жылғы 28 Қазан
3367 просмотров

Алкоголь нарығындағы өзара кедергілерді жою мақсатында қазірде Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ аясында Алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасын әзірледі.

Бұл Келісім жобасы ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 Шешімімен мақұлданған болатын. Сонымен бірге мемлекетішілік келісу қорытындылары бойынша жоба айтарлықтай қайта өңделді.

Қазақстан Республикасы үшін Келісім жобасын осы редакцияда қабылдау мынадай мүмкіндік береді:

1) Ресей Федерациясы тарапынан қамсыздандыру төлемінің кемсітушілік мөлшерін жою (қамсыздандырушылық төлем акциз мөлшерінде орнатылатын болады);

2) ілеспе құжаттардың тізбесіне және формаларына қойылатын түрлі талаптармен байланысты кедергілерді жою.

Келісім жобасы төңірегіндегі Тараптар арасындағы негізгі келіспеушілік алкоголь өніміне акциздер мөлшерлемелерінің үйлесімділік мәселесімен байланысты болып отыр.

Ресейлік Тарап Келісім жобасының акциздер мөлшерлемелерін теңестіргеннен кейін ғана күшіне енуін алға тартуда.

Ұлттық палата, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт талаптарына сәйкес, алкоголь нарығына өзара түсіністікті, кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен жағдайда акциздер мөлшерлемелерін біртіндеп жақындастыру ғана жүргізілуі мүмкін деп санайды. Мұндай позицияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жалпы қолдайды.

Палата Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді жеңуге болатынына және Келісім жобасының жақын арада мақұлданатынына сенеді.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында Алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер