«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алкоголь өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар өзгертілді

2014 жылғы 28 Қазан
4794 просмотров

2013 жылғы 1 шілдеде Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және «Тамақ өнімдері таңбалау тұрғысынан» техникалық реттемелері күшіне енеді. Осы техникалық реттемелер тамақ өнімдеріне, сонымен бірге алкоголь өнімдеріне қойылатын талаптарды орнатады. Техникалық реттемелер күшіне енген соң алкоголь өнімдеріне қойылатын талаптар, сонымен бірге таңбалау бойынша талаптар да өзгерді.

Осыған орай 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу керек. Демек, мұндай өнім 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өткізуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі агенттігінің (қазірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті) түсіндіруіне сәйкес, техникалық реттемелер талаптарына сәйкес келмеу деректері анықталған жағдайда, алкоголь өнімі өткізу кезеңінде қолданудан шығарылатын болады.

Алкоголь өнімдерін таңбалауға ендігі жерде қандай талаптар қойылады?

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімінің әрбір бірлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай ақпарат болуға тиіс:

1) атауы;

2) алкоголь өнімінің құрамы;

3) мөлшері (көлемі);

4) өндірілген күні;

5) жарамдылық мерзімі;

6) өндіруші орнатқан сақтау шарттары. Орауы ашылған соң сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін өнім үшін, орауы ашылғаннан соңғы сақтау шарттары көрсетіледі;

7) өндірушінің, импорттаушының және (немесе) өндіруші уәкілеттік берген және тұтынушылардан шағым қабылдайтын ұйымның атауы мен орналасқан жері. Үшінші елдерден жеткізу бойынша алкоголь өнімін өндірушінің орналасқан жері туралы ақпаратты латын әліппесінің әріптерімен және араб сандарымен немесе елдің атауын орыс тілінде көрсету шартымен өндірушінің орналасқан орны бойынша мемлекеттік тілде жазуға жол беріледі; 

8) пайдалану бойынша нұсқаулықтар және (немесе) шектеулер;

9) алкоголь өнімінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері – энергетикалық құндылығы (нәрлілігі), ақуыздар, майлар және көмірсулар мөлшері;

10) тамақ өнімінде гендік-модификацияланған ағзаларды (ГМА) қолданумен алынған құрамдастардың болуы жайлы мәліметтер.

Анықтама үшін: Тамақ өнімі ГМА-дан тұратын тамақ өніміне жатпайды, егер өндіруші тамақ өнімін өндіру кезінде ГМА қолданбаса не болмаса ГМА құрамы 0,9 %-дан аз болса және кездейсоқ немесе техникалық тұрғыдан жойылмайтын қоспа болған жағдайда;

11) Кеден одағына мүше  елдер нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі:

12) осыған сәйкес өнім өндірілген нормативтік құжаттың немесе техникалық құжаттың белгіленуі.

Жоғарыда аталған міндетті талаптардан өзге алкоголь өнімінің таңбасында басқа да жазбалардың болуы мүмкін, мысалы мынадай: «Алкогольді мөлшерден тыс қолдану денсаулығыңызға зиян», «Алкоголь 21 жасқа толмаған тұлғаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, орталық жүйке жүйесі, бүйрегі, бауыры және басқа асқорыту органдары ауыратын тұлғаларға қарсы көрсетілген» және т.с.с., бірақ Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының заңнамасына қарсы келмейді.

 

Сонымен бірге мынаны білу керек:

1. Таңбалауда берілген ақпарат оның анық және жеңіл оқылуына мүмкіндік беретін кез-келген тәсілмен жазылады. Жазбалар, белгілер, таңбалар таңбалау орналастырылған қарама-қарсы фонда болуға тиіс (мысалы, ақтағы қара немесе қарадағы ақ).

2. Импортталған өнімнің таңбалануын заңнама талаптарына сәйкес келтіру үшін қосымша ақпарат тасушының түсірілуіне жол беріледі.

3. Ақпарат тасушының мөлшерін анықтауда осындай ақпарат тасушы түсірілетін тікелей тұтынушы орамасының мөлшерін ескеру қажет, сондай-ақ ақпарат тасушыда зауыт этикеткасында, контрэтикеткада, кольереткада көрсетілген деректердің бүкіл көлемін сақтап қалған жағдайда, ақпарат тасушыны контрэтикетка, кольеретка үстіне түсірілуіне жол беріледі.

4. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап айналымға шығарылған алкоголь өнімінің сәйкестігін растау декларациялау формасында жүзеге асырылады. Осылайша, осы алкоголь өнімі өткізу кезінде Кеден одағының бірыңғай үлгісіндегі сәйкестік туралы декларациялармен (декларациялар көшірмелерімен) қоса берілуге тиіс.

Қандай да бір сауалдар туындаған жағдайда қызметті жүзеге асыру орны бойынша сәйкес Өңірлік кәсіпкерлер палатасына (филиал) жүгіне аласыз. Байланыс мәліметтерін Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтынан мына мекен-жай бойынша таба аласыз: www.palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер