Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі сала үшін өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін енгізу мерзімін ұзартуға келісімге қол жеткізді
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жаңа технологиялар комитеті Хатшылығының басшысы Жан-Төре Аязбеков мәлімдегендей, 2014 жылғы қаңтар айында ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуге кірісті. Осы түзетулерге сәйкес, 2015 жылы автомобиль құрастыру саласында, ораушылар/азық-түлікшілер және электр-тұрмыстық тауарларды өндірушілер/импортшылар саласына өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі қағидатын енгізу болжануда.
«Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі тұжырымдамасы өнімді құрастыру, сұрыптау және кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша қажет сомаға өнім өндірушіден (немесе импорттаушыдан) қосымша алым енгізуді көздейді», - деп түсіндірді Жан-Төре Аязбеков.
Алайда ораушылар/азық-түлікшілер және электр-тұрмыстық тауарларды өндірушілер/импортшылар о баста әзірлеушілер ұсынған осы қағиданың әрекет ету механизмінің көптеген аяқсыз қалған тұстары болғандығына байланысты өз салалары кәсіпорындарына қосымша «кәдеге жарату салығы» салынуы бойынша ұсынысты сыни тұрғыдан қабылдады.
«Бұл мәселеде автомобиль саласының электр-тұрмыстық пен азық-түліктен ерекшеленетінін айта кету керек, себебі автомобильді қайта өңдеу есебінен алынуы мүмкін екіншілікті өнімді алуға кететін шығынның жалпы орны толтырылуы мүмкін, ал, мәселен, тоңазытқышты қайта өңдеуге кететін шығындар туралы бұлай айта алмаймыз. Мұндағы құндық шамадағы екіншілікті өнімнің өтемділігі осы процеске кететін шығыннан анағұрлым төмен», - деп түсінік беріп кетті ҰКП өкілі.
Ұлттық палата әзірлеушілерге қарсы шығып, бірқатар салалардың, атап айтқанда, ораушылар/азық-түлікшілер мен электр-тұрмыстық тауарларды өндірушілер/импортшылар саласының мүддесіне сәйкес келмейтіндіктен, ӨКЖ бұл түрде енгізудің мүмкін еместігін мәлімдеп, осы мәселеге қатысты өзінің жеке позициясын айқын көрсетті.
ҰКП осы бағытта едәуір жұмыстар атқарып, нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігінің осы салаларға ӨКЖ тек 2018 жылы енгізуге келісуіне қол жеткізе алды.
Сонымен қатар Ұлттық палата ведомствомен ӨКЖ жүзеге асыру механизмдерін әзірлеуде бизнес-қоғамдастықты міндетті түрде тартуға келісті.
Энергетика министрлігі де әзірленетін заң жобасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары мен ескертулерінің қабылданатындығын хабарлады.
«Бұл норманы енгізудің әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан қаншалықты қажет екендігін түсіне отырып, экологиялылық үшін бизнес пен тұтынушыларға шектен тыс төлемді жүктей алмаймыз. Ақыр соңында, айталық, мониторды кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге кететін шығын оның соңғы бағасына қосылады ғой. Соңғы кездері инфляциялық қысымның айтарлықтай сезіліп отырғанын ескере отырып, кәсіпкерлердің қызметіне де, сонымен бірге халыққа арналған өнім бағасына да тікелей әсерін тигізетін экологиялық талаптарға мұқият болу қажет», - деп атап өтті Жан-Төре Аязбеков.
Сонымен бірге ол Ұлттық палатаның кәдеге жаратылмаған қалдықтар жағынан жағдайдың проблемалылығын түсінетіндігін, сонымен бірге өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін енгізудің көзсіз де ымырасыз қарсыласы болып табылмайтындығын баса айтты. «Бұл жерде экологиялық құрамдас пен бизнеске түсетін жүктеме арасындағы теңгерімді табу аса маңызды. ӨКЖ жүзеге асырудың ойластырылған механизмін жасап шыққан дұрыс», - дейді ҰКП өкілі.
ҰКП сараптамалық қорытындысымен мына жерде танысуға болады.
ҚР Энергетика министрлігінің жауабымен мына жерде танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: