Атамекен-стартап Өскеменде
Шығыс Қазақстаннан шыққан жас бизнес-идеялар авторлары өз жобаларын «іске қосу» мүмкіндігіне ие болды. Байқауды Atameken Startup қоғамдық қоры Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды.
Сонымен, қазан айының 24-26 аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің бағаналы залында Atameken startup бизнес-идеялар байқауы өтті.
Шығыс Қазақстан жастары жобаларының арасында трамвай - мейрамхана, пластикалық құтыларды жинауға арналған экологиялық урналар, тапсырмаларды орындау қызметі, жеке меншік балалар бақшасын ұйымдастыру, биогазды қондырғыларды әзірлеу және енгізу және тіпті ағаш тілгіш қалдықтарынан арнайы отын брикеттерін жасау да кездеседі.
«Бұл бастама қызу қолдау тапты. Жас бизнесмендердің бұны жүзеге асыра алатындықтарына сенеміз. Сығымдалған үгіндіден жасалған отындық брикеттер көмірге қарағанда жылуды көбірек береді, сонымен бірге түтінсіз және экологиялық тұрғыдан аса қолайлы деуге де болады. Оның үстіне ағаш тілгіштердің қалдықтары онда кәдеге жаратылады. Яғни біз екі есе пайданы көріп отырмыз. Біріншіден, кәдеге жарату, екіншіден, жылыту, және де үшіншіден, қандай да бір зиянды тастандылардың болмауы», - деп түсінік беріп кетті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрлан Әлиев.
Жұма күні кешкілік қатысушылар бір ғана бизнес-идеямен келіп, сайыс соңына дейін қатысушылар арасынан жобаға топ жинады. Демалыс күндерінде тұжырымдамалар, бизнес-жоспарларды әзірлеу орын алып, менторлар – бизнес және технологиялар саласындағы тәжірибелі сарапшылардың жәрдемімен жобалар crush-тестілерден өтті.
«Жобалардың тақырыбы шектелмеген, ал ең үздік топтарға қазылар алқасының шешімі қорытындыларымен жалпы сомасы 600 000 теңгеге ақшалай сыйлықтар табысталатын болады. Идеяларын өмірге келтіруге мүмкіндік іздеп жүрген және осы жолда тиімді де сапалы жұмыс жасауға әзір ісін бастаушы кәсіпкерлерді қолдағымыз келеді», - деп атап өтті «Атамекен Стартап» ҚҚ президенті Нұрлан Тазабеков.
Презентациялар мен жобаларды ұзақ талқылаудан соң қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады:
1 орын мен 300 000 теңге ақшалай сыйақыны Асқар Жұмағажиновтың (техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының аға оқытушысы) басшылығымен биогазды технологияларды әзірлеу және енгізу жөніндегі «Биоэнерджи» атты жоба жеңіп алды, ол өзінің қамқорлығындағы Ботакөз Мұхамедқалиева («Техникалық физика» мамандығының магистранты) мен Маржан Жамбаеваға («Техникалық физика» мамандығының студенті) көмектескен.
Екінші орында – келесі бір қызықты Жасыл технология «Ақылды жүргіншілер өткелі» жобасы – жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандырудың инновациялық принципі, ақшалай сыйақысы 200 000 теңге.
100 000 теңге ақшалай сыйақымен үшінші орынды «Жасыл ел» атты жоба алды.
Ақшалай сыйлықтарды қолдануда ешқандай шектеулердің жоқтығын айта кету керек. «Қатысушылар бұл қаражатты өз жобаларына сала алады, не болмаса жаңа смартфон, қысқы киім алуларына болады», - деп түсіндіріп кетті Нұрлан Тазабеков.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: