«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Параллельді импортқа» тыйым салу нарықтардағы бәсекені жасанды түрде шектейді

2014 жылғы 24 Қазан
3597 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссияда Кеден одағында құқықты тамамдау халықаралық қағидасын енгізу қажеттігін (немесе оның жоқтығын) ауыспалы табыспен талқылауда. Пікірталас «қатар импорт» терминімен де белгілі. Бұл осы тауар белгісінің иегері немесе оның ресми дистрибьюторы ғана емес, түпнұсқа тауарды кез-келген импорттаушының әкелу мүмкіндігін білдіреді.

Кеден одағында «қатар импортқа» тыйым салынған. Оны заңдастыруды, сонымен бірге, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы да жақтауда. Және де оны Ұлттық экономика министрлігі, тіпті ЕЭК бәсеке жөніндегі Алқа мүшесі де қолдайтынға ұқсайды. Бірақ тыйым салуды алға тартатындар да баршылық.  

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы бірыңғай қағидалар туралы келісімдер 13 бабы: «Осы тауар белгісін Тараптар-мемлекеттер аумағында тікелей құқық иегері немесе оның келісімімен басқа тұлғалар азаматтық айналымға заңды түрде енгізген тауарларға қатысты тауар белгісін қолдану ерекше құқықты бұзу болып табылмайды».

Осы норманы енгізгеннен кейін мыңдаған қазақстандық импорттаушы кәсіпкерлер ұтылып қалды. Бизнесмендер өздеріне қолжетімді бағаға түпнұсқалық өнімді сатып ала алады, оны Қазақстанға әкеле алады, бірақ … құқық иегерінің рұқсатынсыз тауарды сата алмайды.

«Сонда жасанды ғана емес, түпнұсқалық тауар да контрафакт болып табылатын болып шықты, ал заңсызы елге кедендік ережелерді бұзумен әкелінгендер ғана емес, заңды түрде, бірақ өндірушінің рұқсатынсыз импортталған тауарлар да болып табылады», – деп түсіндірді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендік әкімшілеу департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталин.

Кәсіпкер құқық иегеріне не болса да «естірте алды» делік. Жекелеген жағдайларда ұлтаралық компаниялар осылайша ескірген үлгідегі тауарларды, не болмаса басқа елдердің нарықтарына түсетін аналогтарына қарағанда тұтынушылық сапасы нашарларын өткізіп жіберуі де мүмкін, дейді ҰКП. Мысалы, бизнесмен Қазақстанға соңғы желідегі автомобильдерді әкелгісі келетін болса, оған тек ескі үлгілерді ғана импорттауға рұқсат береді.

«Құқық иегері импорт көлемін, тауар сұрыпталымын орнату құқығын, сондай-ақ баға саясатын ұсыну мүмкіндігін алған соң кемсітушілік шарттарды орнатуда толық бостандыққа ие болады да, бұл нарықтағы монополияның туындауына әкеледі және бәсекелестікті бұзады», – деп Ұлттық палатада ең нашар жағдай қарастырылуда.

«Қатар импортқа» тыйым салу ірі шетелдік кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға арналған. Сонымен қатар халықаралық саудамен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары аяққа басылуда.

Сонымен бірге, ҰКП-да зияткерлік меншік құқығын қорғауды сылтауратып, мемлекеттік сатып алуларда жемқорлықтың орын алуы нұсқасын да жоққа шығармайды. Ұлттық палатаның Ресейге қарата айтқанына қарағанда, мысал жоқ емес. Көршімізде сатылып алынатын тауарлар құнын негізсіз өсіру, отандық жеткізушілерді кемсіту және басқа да деректер орын алған.

«Шетелдік инвесторлар елде өндіруді жөнге салған (жергіліктендірілген өндіріс) тауарлардың тауарлық белгілерін қорғау шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырған дұрыс, деген ойдамыз. Бұл құрал шынайы тауарлар өндірісіне инвестицияларды ынталандыруға және сонымен бірге бізде өндірілмейтін тауарлар өндірісіне бәсекелестік орнатуға мүмкіндік береді», – деп ҚР ҰКП позициясын білдірді Әлихан Мәмбеталин.

Әлихан Мәмбеталиннің пайымдауынша, «қатар импортқа» салынған тыйым баға бәсекесін болдырмайды, яғни тауар белгісінің құқық иегері өзінің «заңды» монополиялық жағдайын пайдаланатын болады. «Тауар белгісін қолдануға құқық ұсынуға келісе отырып немесе одан бас тарта отырып, тауарларды азаматтық айналымға енгізу шарттарын анықтай отырып, құқық иегерлері бәсекеге айтарлықтай ықпалын тигізе алады», – деп есептейді ҚР ҰКП.   

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық және тұтынушылық мүдделерді ескере отырып, бұрындары Экономика министрлігіне «параллельді импортты» заңдастырудың салдары туралы зерттеу жүргізуді ұсынған болатын. Бүгінде ЕЭК Кеңесінің келісілген позициясын жасап шығу және мәселені қосымша зерттеу үшін үш елдің өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешімі бар.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы параллельді импортты заңдастыруға қатысты өз позициясын зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті орган – Әділет министрлігіне ұсынды. ҚР ҰКП ойынша, «параллельді импортты» қолдануға тыйым салатын норманы практикалық қолдану нарықтардағы (сатушылар арасындағы) бәскелестікті жасанды жолмен шектеуді және тұтынушылардың құқығына негізсіз қысым жасауды тудырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер