БЭК реттемесі жобасының "Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау" бөлімінің жобасы талқыланды
Алқа мүшесі, Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен ЕЭК, тараптардың уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық комитет Реттемесі жобасының ІХ «Комиссия шешімі жобаларының реттеушілік әсерін бағалау» бөлімінің жобасын талқылау өтті.
ЕАЭО туралы Шарттың Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ережесі №1 Қосымшасының 15 тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер етуі мүмкін шешімдер осындай шешімдер жобаларының реттеушілік әсеріне бағалау жүргізу нәтижелерін ескере отырып қабылданады.
РӘБ тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуына артық кедергі жасайтын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға негізсіз шектеулерді анықтау және жоюға бағытталғанын атап өткен дұрыс.
Жиналысқа қатысушылар ЕЭК шешім жобаларының РӘБ жүргізу тәртібін анықтауға қатысты Реттеме жобасы туралы, сондай-ақ тараптардың ескертулері мен ұсыныстары туралы ақпараттандырылды. РӘБ жүргізу саласынан тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешім жобаларын алып тастау қажеттігі туралы Беларусь Республикасының да ұстанымы жеткізілді.
ЕЭК өкілдері РӘБ-ті Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы халықаралық шарттар жобасына тарату болжанып отырғанын хабарлады, сондай-ақ РӘБ жүргізу саласынан арнайы қорғаушы демпинге қарсы және өтемақылық шараларды қолдану бойынша ЕЭК шешімдерін алып тастауға негіздемелер жайлы айтып өтті.
Талқылау процесінде ҚР ҰКП өкілдері бағдарламалық-статистикалық сипаттағы Комиссия шешімдерінің міндетті тәртіпте РӘБ процедурасы арқылы өткізілуге тиіс екендігі жайлы да ойы айтылды, себебі дәл осы стратегиялық сипаттағы құжаттарда кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсерін тигізуі мүмкін белгілі бір кедергілердің негізі салынуы да мүмкін.
Сонымен қатар олар бір мүше мемлекеттің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың басқа мүше мемлекет аумағында орналасқан елді мекендер арасында жүктерді автомобильдік тасымалдауды орындауын кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын бекіту туралы, және де аталмыш бағдарламаға өзгертулер енгізу туралы Комиссия шешімі жобалары бойынша РӘБ өткізу қажеттігін атап өтті.
Каботаждық тасымалдау саласына РӘБ өткізу кәсіпкерліктің осы саласындағы кәсіпкерлік мүдделерін толық көлемде ескеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ жобаның басқа да ережелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: