I Азиялық бөлшек сауда бизнес-саммиті Астанада өтеді
Еуразиялық кеңістіктегі сауданы дамыту мәселелері алғаш рет халықаралық деңгейде талқыланбақшы. Ал Астана осы мақсаттағы сұхбат алаңы болмақшы. Түрлі елдерден келетін 500 делегат «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» бөлшек сауда және тұтынушылық тауарлар дистрибуциясы І Азиялық бизнес-саммитіне қатысу үшін 6 және 7 қарашада Қазақстанның елордасына жиналады. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда комитеті Хатшылығының Хатшысы Жібек Әжібаева palata.kz-ке берген сұхбатында алда тұрған оқиға жайлы әңгімелеп, Қазақстанда осы саланың дамуына қатысты ойымен бөлісті.
– Астанада «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» бөлшек сауда және тұтынушылық тауарлар дистрибуциясы І Азиялық бизнес-саммиті өтпекші. Іс-шараның бұлай аталуы нені білдіреді? ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қандай маңызды мәселелерді көтеруді жоспарлап отыр?
– Саммитті ұйымдастырушылар - BBCG Казахстан және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Көлемді оқиға кәсіпкерлердің – сауда компаниялары иелерінің, құрылтайшылардың, жаһандық желілерге ие ірі бизнес-серіктестердің басын қосуды шамалап отыр. Сонымен қатар бренд жасаушы және қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты жөнге салғысы келетін бизнесмендер шақырылды. Саммитке алғаш рет өндіруші-кампаниялар, импорттаушы-компаниялар және Қазақстан, Ресей, Белорусьтің бөлшек бизнес фирмаларының басшылары жиналмақшы. Оған сонымен қатар Болгариядан, Индонезиядан, Германиядан, Пәкістаннан және басқа да елдерден келетін ірі кәсіпкерлер қатысатын болады.
Біз сауда саласына назар аудартып, оның имиджін көтергіміз келеді. Бүгінде көптеген адамдардың түсінігінде сауда – бұл тек сауда базарлары, алайда шын мәнісінде бұл аса көлемді қызмет түрі. Біздің міндетіміз – әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның саудасы жайлы жағымды ой қалыптастыру және бұл саланың әлемдік тенденцияларға сәйкес дамуға дайын екендігін көрсету. Соңғы 10-15 жыл бойында елімізде, жалпы Орталық Азия өңірінде де заманауи форматтағы, тауарларды өркендету, электронды сауданы енгізу мен сатып алушыларға қызмет көрсету және т.б. проблемалы мәселелерді көтеретін осындай деңгейдегі іс-шара өткізілмепті.
– Бизнес-саммитте Ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуды талқылау жоспарланып отыр. Заманауи әлемдік экономика жағдайында ол қандай форма алуы мүмкін?
– Ұлы жібек жолы – біз үшін аса маңызды жоба, және де жүздеген жыл өткен соң ол даму алып отыр. Интеграциялық сауда процестері дәл осы Шыңғыс хан құрған брендпен ойдағыдай өтуде. Мемлекет пен ҰКП жасап жатқан шаралар Ұлы жібек жолына қосқан үлес болмақшы. Оңтүстік-Шығыс Азиядан – Қазақстан арқылы – Еуропаға тауар апарушы жүйелерді ұйымдастыруда проблемалар туындап отыр. ҚР Сауда кәсіпорындары қауымдастығы жеті жыл бойы осы бағытта жұмыс жүргізуде. Тауарлар жеткізумен айналысатын бизнесмендермен меморандумдарға қол қойылып, Пәкістанмен, Ауғанстанмен, Тәжікстанмен, Орталық Азия елдерімен және Ресеймен келісім жасалды. Алыс және жақын шетел сарапшылары мен ғалымдары 6 қарашада бизнес-саммиттің арнайы сессиясының аясында Ұлы жібек жолын дамыту үшін тарихи және геосаяси алғышарттарды талқыға салатын болады.
– Алда тұрған оқиғаны тағатсыз күтетін боламыз. Талқылаудың тиімді өтіп, Қазақстандағы сауданың дамуына және жаңа деңгейге көшуге серпін береріне сенеміз. Оның үстіне бұл ЭКСПО-2017 қарсаңында аса өзекті. Дүниежүзілік көрмені өткізуге біздің сауда саласы қаншалықты дайын?
– ЭКСПО-2017 көрмесіне даярлық мәселелері – бұл айтарлықтай салмақты тақырып. Біздің құзыретіміздегісі – көрмені өткізу кезеңінде азық-түлікпен қамтамасыз ету. ҰКП Сауда комитетінің, Ауыл шаруашылық министрлігінің және аграрийлердің ұстанымы сауда нарығында басым үлесті біздің қазақстандық өнім құрауында болып отыр. Отандық өнімдер импортпен салыстырғанда жоғары сапамен ерекшеленеді. Назарды өз өнімдеріміздің дамуына аудару керек.
Қоғамдық тамақтану саласына қызмет көрсету де толғандырмай қоймайды. Бұл мейрамханалар, дәмханалар, барлар және т.б. Біз үшін бүгінде кез-келген қоғамдық тамақтану орнының «келбеті» – даяшылар, олардың кәсіби деңгейі маңызды болып табылады. Бұл мәселеде жетіспейтін тұстар көп. Білім беру саласында кадрларды базалық даярлау жоқ, сондықтан да даяшылар – бизнестің жоғары білікті өкілдері мәртебесіне талаптана алмайтын уақытша жұмыскерлер. Тіпті мейрамхананың өзі аса жоғары қырынан беріліп, технологияның соңғы жаңа дүниелерімен жабдықталса да, алайда даяшылар жұмыс жасай алмаса, мұндай мейрамхананың имиджі жоғалады. Себебі мекеме жетістігінің 50%-ы дәл осы даяшылардың жұмысына тәуелді болады. Осыған орай біз мейрамхана бизнесіне арналған кадрлар біліктілігін көтеру орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бірнеше консалтингтік оқыту орталықтары бізбен жұмыс жасауға дайын отыр.
Қазақ ұлттық асүйін дәріптеуде салмақты жоспарларымыз бар. Қандай да бір елге келген адамдар алдымен ол елдің мәдениетімен танысқысы келеді, сондықтан дәл осы бағытта да жұмыс жасайтын боламыз. ҚР ҰКП екі жыл бойында ең үздік даяшы атағына байқаулар өткізетін болады. Келесі жылы мамандандырылған саммит өткізіп, оған қатысушылар мейрамхана және қоғамдық тамақтану бизнесін жүргізу мәселелерін талқылайтын болады. Бұл осы сектордағы проблемаларды көтеріп, оларды шешу жолдарын анықтайтын алғашқы көлемді іс-шара болмақшы. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық тамақтану мәселелерінің халықаралық жоғары деңгейде қарастырылмағанын атап өткім келеді.
– Саланың қазіргі жай-күйіне қатысты тағы бір-екі сауал. Қазақстандағы сауда қандай форматтарда ұсынылған, біздің нарығымызда қандай субъектілер көбірек және олардың қайсысы күштірек?
– Республикамызда дүкен форматындағы сауда кәсіпорындарының үлкен желісі бар, бұл көбінесе ауылдық жерлер мен қаланың шеткері аудандарында, қала және облыстардағы кеңселерде орналасқан шағын дүкендер. Адамдар мәселе тек сауда базарларында ғана деген ойда, бірақ шын мәнісінде олай емес. Қазақстанда ритейл жеке қуаттылықтар мен қаржы ресурстарының көмегімен дамиды, яғни тұтынушылық кредиттер алу жолымен. Соңғылар үшін пайыздық мөлшерлемелер жоғары. Оның үстіне, жер-жерлерде ШОБ әкімшілік кедергілерге, бақылаушы-қадағалаушы органдар тарапынан тосқауылдарға ұшырап жатады. Кәсіпкерлер дәмхана ашуға немесе жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге жылдар бойы рұқсат ала алмай жүр. Бұл жағынан өңірлік кәсіпкерлер палатасына үлкен міндет артылып отыр.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көп балалы отбасы сияқты. Онда «ересектер» бар – белгілі бір мәртебеге ие болғандар, орташа бизнес кәсіпорындары мен шағын дүкендер, сонымен қатар дүңгіршектер мен бутиктер бар. Логистиканы дамытатын және өткізгіш жүйені қалыптастыратын көтерме сауда жеткізушілері де ерекше орын алады.
– Биылғы жылдың 6 тамызында өткен Үкіметтің кеңейтілген жиналысында Елбасы еліміздегі бытыраңқы базарлардың бәрін жауып, жабық сауда орталықтарын салуды бастауға тапсырма берді. Осы міндттерді орындауда ҚР ҰКП қаншалықты қатысады? Қазақстанның экономикасынан және кәсіпкерлердің өзінен бұл қаншалықты байқалады?
– Бүгінде өңірлік палаталар ҰКП Сауда комитеті Хатшылығымен бірлесіп осы мәселе төңірегінде белсенді жұмыс жасауда. Бірінші кезекте, алға жетілдіру міндетін қойып отырған сауда нысандарының басшыларымен кездесулер өткізілуде. Көптеген базарлар нысандардың жаңа форматтарына көшуде, яғни жаңа жайлар, сауда үйлері, ойын-сауық кешендері. Мысалы, қауымдастық мүшелерінің бірі Астанада орасан зор «БИГ-Шанхай» кешенін салды, онда ауыл шаруашылық өнімі сатылады, сонымен бүкіл қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Және де бұл осы бағыттағы жақсы мысал. Сонымен қатар ҰКП бастамасы бойынша, «Самғау» сауда үйінде барлық Қазақстаннан әкелінетін отандық өндірушілер тауарлары сатылады. Ал біз айына бір рет жәрмеңке өткізіп, оның өткізілу барысында сатушыларға сауда орындары тегін беріледі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Шымкент әкімінің қолдауымен өз фермерлерінің проблемасын шешіп, егістіктің шарықтап тұрған кезінде жеміс-көкөністерді өткізуге жәрдемдесті. Кәсіпкерлер арасында осы тенденция қолдау тапса, онда біз қосымша алаңдарды бұдан әрі де аша беруге дайынбыз.
Көптеген тұтынушылар елімізде бәсекеге қабілетті, қолжетімді және сапалы өнім бар екендігін біле бермейді, ал ол шынымен де бар. Және де егер жергілікті тауар сұранысқа ие болатын болса, онда ҚР ҰКП тауар өндірушілер рейтінгін қолдап, өнімімізді экспортқа ұсына алады.
– Сұхбаттасқаныңызға рахмет. Бастамаларыңызда табыс тілейміз! Алда тұрған бизнес-саммитте жемісті пікірталастар орын алуына тілектеспіз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: