«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби туризм нарығының білікті мамандары және белді өкілдері саладағы қауіпсіздікті болдырмау және тәуекелдердің алдын алу мәселелерін талқылады

2014 жылғы 22 Қазан
5423 просмотров

Бүгін Алматыда Abacus Корпоративтік сапарлар, ACTC 2014 Халықаралық конференциясы аталып өтті. ACTC 2014 конференциясы Азия және Тынық мұхиты аймағындағы туризм саласында жұмыс істейтін ең ірі Глобалды броньдау жүйесі Abacus International компаниясымен ұйымдастырылған Орта Азиядағы, кәсіби туризмге арналған ең үлкен конференция.

ACTC 2014 конференциясы Қазақстан Республикасының Инвестиция және Даму министрлігі, Алматы қаласының Әкімшілігінің Туризм басқармасы, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Туризм Комитеті, Қазақcтан Қонақ-үй және Мейрамханалар Ассоцияцасы, Астана Туризм Ассоцияцасының және Ұлттық Туризм Индустрисы Ассоцияциясының қолдауымен өтті.

Конференцияның тақырыбы - «Іс-сапар кезіндегі қауіпсіздік - Информациялау, Болжау, Алдын алу». Конференция барысында Abacus International (Сингапур), Халықаралық әуе көлігі ассоцияцасы (IATA, Канада), мемлекеттік басқармаларының өкілдері мен Қазақстан бизнес ассоцияциалары, Қазақстан мен халықаралық әуе компаниялары мен қонақ-үйлерінің басшылары іс-сапар кезіндегі қәуіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тенденцияларымен, әр-түрлі рисктердің алдын алу жолдарын қатысушыларға таныстырды.

Павел Спицын, «Abacus Central Asia» компаниясының бас директоры: «Жыл сайын өтетін осы конференцияда кәсіби туризм нарығының өкілдерімен кездесуімізге өте қуаныштымыз. Abacus Corporate Travel Conference - Орталық Азияда бұрын соңды болмаған конференция, іс-сапарларды ұйымдастыру саласындағы сатушылармен мен сатып алушылар арасында тәжірибие алмасу және туризм индустриясының өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатымен биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

2014-ші жыл әр-түрлі жағымсыз кезеңдерге, табиғи аппаттарға, азаматтық қақтығыстарға, транспорттық опасыз жағдайлаға толы болды. Осының барлығы туризмге өзінің кері әсерін тигізіп қана қоймай, бір үлкен сұрақ туғызды: Іс-сапар кезіндегі рисктер мен қаржылық шығыстарды минимизациялау және қызметкердің қауіпсіздігін қалай сақтап қалуға болады?».

Роза Асанбаева, Қазақстан Туристтік Ассоцияцасының Президенты, Туризм Саласы Комитетінің Төрағасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының мүшесі:

«Кәсіби туризмнің Қазақстан экономикасында үлкен орын алады. 2014-ші жылдың мамырында Үкімет 2020 жылға дейін еліміздегі туризм саласының даму жолын тұжырымдады. Осы тұжырымдамада Алматы мен Астанадағы туризмнің дамуына аса маңызды орын бөлінген. Бүгінгі күні біз туризм нарығында корпоративті сапарлардың қомақты үлесін байқаймыз.

Менің ойымша, біздің елде туризм саласын дамытуға үлкен потенциал бар, және біз нарықтағы жаңа мүмкіндіктермен уақытында қолданып қалуға тиістіміз.  АСТС 2014 конференциясы кәсіби туризм саласының мамандарына қажетті білімдер мен дағдыларды үйреніп, өздерін толғандырып журген мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызады. Осындай іс-шаралар Қазақстан туризмінің индустриясын дамытуға үлкен үлесін қосады...»

Атаулы конференция барысында мемлекеттік басқарма өкілдерінің, ассоцияцаларының, бизнес ұйымдарының шетелдік кәсіби туризм саласындағы эксперттермен, халықаралық әуе компаниялары мен қонақ-үй басшыларымен, Халықаралық Әуе Транспорт Ассоциациясы (IATA) өкілдерімен және нарықтың басқа да мүшелерімен нәтижелі кездесулері өтті. Сонымен қатар осы іс-шарада Abacus Корпоративті сапарлар көрмесі өткізіліп, конференция серіктестері мен демеушілері кәсіби туризмде қызмет көрсетудің арнайы шарттарын қонақтармен бірге талқылады.

АСТС 2014 басты демеушісі - Jumeirah Hotels & Resorts қонақ-үйлер жүйесі. Ал іс-шараның ресми демеушілері авиаиндустриясының және қонақ-үй бизнесінің басты компаниялары, соның ішінде Etihad Airways, SCAT, Украина Халықаралық Әуе Жолдары, және Kerzner International Resorts, Rixos, Chagala, Kazzhol, Soluxe, Tien Shan Hotels, Royal Comfort Astana, Rahat Palace Hotel қонақ-үйлері. ACTC 2014 конференциясы туралы толық мәліметті www.CorporateTravel.kz. сайтынан біле аласыз.

 

Abacus International туралы

Abacus International Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 31 елдегі, 20000-нан  астам мекемеге туризм саласындағы шешімдердің бірегей ұсынушысы болып келеді, басты кеңсесі Сингапурда орналасқан. Нарықта 26 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, сонымен қатар жергілікті тенденциялардың қыр сырын білетін, халықаралық қарым қатынастары мықты Abacus компаниясы Азия және Тынық мұхиты аймағындағы мекемелердің аса маңызды ақпараттарға қолын жеткізуіне жол ашады.

Abacus International иесі ол Sabre және Азияның ең белді әуе мекемелер консорциумы, оның ішіне All Nippon Airways, Cathay Pacific, China Airlines, EVA Airways, Garuda Indonesia, Dragonair, Philippine Airlines, Malaysia Airlines, Royal Brunei Airlines, Silk Air и Singapore Airlines кіреді. Sabre – туризм саласында және оған қатысты қызметтерге электрондық дистрибуцияны қамтамасыз ететін нарық лидері. Abacus туралы толық мәліметті www.abacus.kz және www.abacus.com.sg сайттарынан таба аласыздар. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер