Астанада бизнес- алаңды тегін алыңыз
Бүгінде Астанада кәсіпкерлер үшін Ajar Astana Mall сауда орталығында орналасқан ең үлкен коворкинг-орталықтардың бірі қызмет жасап тұр.
Коворкинг (ағылшынша, co-working — бірге жұмыс жасаушылар) — бұл қатысушылар тәуелсіз әрі еркін бола отырып, өз қызметі үшін ортақ кеңістікті қолданатын жұмыс үлгісі. Коворкингтің басты келушілері – жас кәсіпкерлер, стартаптар, шағын компаниялар.
Осыған орай ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған осы алаңның жұмысына белсене қатысуды мақсатқа лайық деп таптық. Ол үшін телефон аппараты бар стенд, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының логотипін орнатып, тегін телефондық қызмет көрсетуді мына бағыттар бойынша жүргізбекпіз:
- заңгерлік мәселелер және салық салу мәселелері бойынша тегін консультациялар беру;
- мемлекеттік органдардың әрекеті мен әрекетсіздігіне, кәсіпкерлердің құқықтарына қысым көрсетуге шағымдар қабылдау және тіркеу.
Консультация алу үшін не істеу керек?
Ол үшін коворкингте орнатылған телефон тұтқасын алсаңыз болды, сізге бірден ҰКП операторы жауап береді.
ҰКП Байланыс-қызметінде келіп түсетін жүгінімдердің барлығын тіркеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандыру орнатылған, сондай-ақ мұнда сізді қызықтырып жүрген сауалдарға жауап беруде көмектесе алатын жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-алаңдарды субсидиялау» бағдарламасын ұсынатындығын естеріңізге сала кетейік. Науқан аясында ҚР ҰКП ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін Коворкинг орталықта ұзарту мүмкіндігімен 2 ай мерзіміне 10 абонементке төлем жасайды.
Өтінімдер байқау негізінде іріктеледі. Өтінімдер беру мерзімі – 2014 жылғы 30 қазанға дейін.
Науқанның мақсаттық аудиториясы:
Бизнес-идея немесе өнім прототипіне ие ісін бастаушы кәсіпкерлер:
- журналистер мен танымал блогерлер.
Субсидиялар беру шарттары:
Субсидиялар беру басымдылықтары төмендегілерге таралады:
- әрекеттегі кәсіпкерлер;
- бизнес-жоспары және даму жоспары бар ісін бстаушы кәсіпкерлер;
- «Даму» КДҚ, «ТДҰА» АҚ гранттарын алушылар, ЕДБ-дан бизнесті дамытуға қарыз аушылар, түрлі бизнесті қолдау қорларынан инвестициялар мен гранттарды алушылар;
- мемлекеттік тапсырыстар мен халықаралық жобалардан (БҰҰ, ЮНЕСКО, Сорос Қоры, Дүниежүзілік Даму Банкі және басқ.) тапсырыстарды жүзеге асырушылар;
- әлеуметтік-бағытталған жобалар;
- дене мүмкіндіктері шектеулі ісін бастаушы кәсіпкерлер;
Субсидияларды алушыларға қойылатын ең төменгі талаптар мен кейбір шарттар:
- бизнес-жоспардың және/немесе өнім прототипінің және/немесе кем дегенде 2 адамнан тұратын топтың болуы;
- бір компаниядан/жобадан көп дегенде 3 адам;
ҰКП-дан субсидия алушыларға коворкинг ұсынатын тегін қызметтердің ең аз жинағы:
- 60 күнтізбелік күн ішінде бизнес-алаңдарға қолжетімділік, аптасына 7 күн, 10:00-ден 23:00-ге дейінгі кезеңде қатарынан көп дегенде 5 жұмыс сағаты; қолдануға рұқсат етілген жұмсақ жұмыс орындары: сары, қызыл, сарғылт және ішінара сұр;
- коворкинг аумағында орналасқан жиһазды қолдану;
- «Кәсіпкерлер кітапханасын» қолдану;
- ұйқыға арналған бөлмені қолдану;
- темекі бөлмесін қолдану;
- кездесулер, презентациялар, келіссөздер мен консультациялар өткізу үшін коворкингке қонақтар мен серіктестердің кіруі. Шектеу – ұзақтығы 2 сағаттан аспауға тиіс бір кездесу үшін көп дегенде 3 қонақ. Кездесулер саны бойынша шектеулер күніне – көп дегенде екі;
- бизнес-консьерж қызметтері (мейрамханалар мен қонақ үйлерді брондау, такси шақыру, курьерлік пошта қабылдау мен жөнелтуді ұйымдастыру, келіссөздер бөлмелерін брондау және қонақтар кездесуі);
- А4 форматынан аспайтын қағаздағы қара-ала мөр, күніне 15 беттен аспауға тиіс.
Жеке төлемге ұсынылатын қызметтер (қажет болған жағдайда):
- түптеу және ламинирлеу.
Сауалнаманы мына жерде толтыруға болады.
Коворкинг-орталық туралы қосымша мәліметті Фейсбуктегі парақшаға өту арқылы алуға болады: https://www.facebook.com/MultispaceAstana?fref=ts
Пікір қалдыру:
Пікірлер: