«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықтар отандық өндірушілердің жөнсіз сертификат алуынан басталады

2014 жылғы 20 Қазан
3118 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Тауардың шығуын сертификаттау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының отандық өндірушілерге берген «СТ-KZ» сертификатын қайтарып алудың құқықтық мүмкіндіктерін қарастыруда.                                                

Тауардың шығу тегін коммерциялық ұйымдар жүзеге асырады. Олар дайындаған акті негізінде, Үкімет қауылысына сай, отандық тауар өндірушінің шығарған өнімі куәландырылып, сертификат беріледі.

«СТ-KZ» сертификатының дұрыстығын тексеруге отандық өндірушілерден түскен өтініштер себеп болды. Атап өткен жөн, «СТ-KZ» сертификаты бар кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алу үдерістеріне қатысу кезінде жеңілдіктер қарастырылған. 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауардың шығу тегіне сертификат беру үдерісін жіті бақылауға алатынын хабарлайды. Берілген сертификаттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, жедел тексеру жүргізіп, тиісті шара қолдануға әзір. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бір ай уақыт аралығында сертификат беру тәжірибесіне сараптама жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ҚР Инвестиция және даму министрлігіне ұсыныстар енгізбек. Бизнес қауымдастық тауардың шығу тегін куәландыру, сертификат беру үдерісі бір ғана органның қарауында болуы үшін салаға «бір терезе» әдісін енгізуді ұсыныс етіп отыр. Көп жағдайда осы мәселеге қатысты заң бұзушылықтар ең бастапқы кезеңдерде орын алатынын Сауда-өнеркәсіп палатасының көпжылдық тәжірибесі де көрсетіп отыр.

Атап өткен жөн, Сауда-өнеркәсіптік палатаның функциясы, оған қоса, тауардың шығу тегіне сертификат беру 2014 жылдың 22 шілдесінде («ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң күшіне еніп, «ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы туралы» заң күшін жойған кезде) ҰКП құзыретіне өткен болатын. Сауда-өнеркәсіптік палата жылдар бойына жинақтаған білікті сарапшы мамандар ҰКП жанынан құрылған еншілес компанияға қызметке алынған болатын.

Тауардың шығу тегін сертификаттау орталығының еліміздің барлық өңірінде өкілдігі жұмыс істеп тұр. Орталық мамандары (ТМД елдеріне экспортталатын қазақстандық тауарлар үшін) «СТ-1» формасындағы сертификатты, (Сербияға шығарылатын тауарлар үшін) «СТ-2», (ЕуроОдаққа экспортталатын тауарлар үшін) «А» рұқсат құжатын, сондай-ақ, (еліміз бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу және еркін қойма және еркін экономикалық аймақ үшін) «СT-KZ» сертификатын ұсынады. Бизнесмендердің қаржылық шығындарын азайту мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы шешімімен, аталған қызметтер құны екі есе төмендетілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер