Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар кеңесінің отырысы өтті
Отырыста талқыланған басты тақырыптың бірі жекешелендірудің екінші толқыны барысында мемлекеттік нысандардың сатылуының қажетті деңгейде ашық жүргізілмеуіне қатысты болды. Бүгінгі күнге дейінгі нысандарды саудалаудың басым бөлігі көпшілікке жарияланбастан жүргізілген. Қаржы министрлігі коммерциялық құпияға жүгініп, өткізілген аукциондар мен олардың жеңімпаздары жайлы ақпаратты жариялаудан бас тартқан. Алайда, Заң бойынша коммерциялық құпия дегеніміз – коммерциялық қызмет туралы ақпарат. Ал мемлекет коммерциялық қызметті жүргізетін субъектіге жатпайды. Кеңес Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бірлесіп, құрамы мемлекеттік органдардың және қоғам өкілдерінен тұратын, жекешелендіру жоспарын жүзеге асырылуын бақылау комиссиясын құруды ұсынды.
Отырыста сондай-ақ кәсіпкерлерден келіп түскен бірқатар өтініштер қаралды. Осылайша, техника жасауда жалғыз отандық өндіруші болып табылатын «Ремонт путевой техники» ЖШС өтінішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұзақ мерзімді шарттар жасасу және техниканы сатып алу мәселелерін шешуге жәрдемдесуді сұраған. Кеңестің пайымдауынша, ЖШС өтінішіне кедергі келетін еш негіз жоқ, алайда ұлттық компанияның қызметкерлері тиісті шешімдер қабылдамауда. Сонымен қатар, отырыста «СнабПромСервис» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Зиксто» АҚ «СТ-KZ» сертификаттар беру заңдылығы туралы мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, мүлігі рейдерлік жолмен тартып алынған деп болжалып отырған «Казпромприбор» ЖШС-нің өтініші қарастырылды. ЖШС басшысының айтуынша, дағдарыс салдарынан банк-кредиторға қарызданып қалған кәсіпкердің жылжымайтын мүлігінің саудалануы бұзушылықтармен жүргізілген. Атап айтқанда, мүліктің бағалануы сәтінен оның сатылуына дейін 11 айда (тәртіп бойынша ең көп дегенде екі ай) өткен.
Кеңес отырысында талқыланған өтініштер қатарында лизинг жолымен автобустар сатып алған «Каз-Кор Транс» ЖШС мәселесі қаралды. ЖШС лизинг жолымен сатып алынған автобустардың жөндеу барысында VIN кодтарының қолмен қойылғандығы анықталған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржы полициясына жасаған бірнеше өтініштерінен кейін алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалып, іс Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне берілген. Алайда істің қаралуы айтарлықтай созылуда.
Сондай-ақ, «Маңғыстау облыстық сумен жабдықтау жүйесі» ШЖҚ МКК Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылды мекенін сумен жабдықтау бойынша жобасын жүзеге асыруға келтіріліп отырған кедергілер жайында мәлімдеген өтініші қаралды. Энергетика басқармасы және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жобаны экономикалық тұрғыдан орынсыз деп таныған. Алайда, Кеңестің бағалауынша, шаруа жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жобасының жүзеге асырылуын әлдеқайда арзанға жүргізуге болады. Бұл ретте бюджет қаражаттарының тиімсіз қолданылуы фактісі орын алуда.
Сонымен қоса, отырысқа қатысушылар «Магистраль» ЖШС өтінішін қарастырды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орал әкімдігінің лауазымды тұлғалары тарапынан жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын өзгертуге кедергі жасап отырғандығы туралы мәлімдейді. Кеңес осыған қатысты әрекеттердің заңдылығын тексеру және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қарастыратын қадағалаушы және құқық қорғау органдарына материалды жіберу қажет деп шешті.
Отырыста Кеңестің алдыңғы отырыстарында қабылданған ұсыныстардың жүзеге асырылуы туралы есеп тыңдалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: