«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеден одағы Вьетнаммен арадағы ынтымақтастықты кеңейтуде

2014 жылғы 16 Қазан
3722 просмотров

Қазіргі кезде ЕЭК Кеден одағы тараптарымен бірлесіп КО-Вьетнам Социалистік Республикасы форматындағы еркін сауда аймағын құру туралы Келісім жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.

Еркін сауда аймағын құру өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық тауарлары үшін кеден тарифтерін кезең-кезеңмен жоюды, яғни сыртқы экономикалық қызмет аясында сауданы ырықтандыруды қарастырады.

Осылайша, отандық кәсіпорындардың экспорттық/импорттық әлеуетін анықтау, сондай-ақ тауарға «шыққан жері» мәртебесін беру үшін орындалуы қажет тауарлардың шығу тегі өлшемдерін әзірлеу мақсатында, (Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім аясында (бұдан әрі – ЕСА) отандық тауардың тарифтік артықшылықтар алуы үшін және дәл осылай Вьетнам тауарларына қатысты) 2014 жылғы 7 қарашада ҰКП алаңында аталмыш мәселелерге түсінік беру мақсатында семинар өткізілу жоспарлануда.

Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның, Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері қатысады.

Анықтамалық үшін: ҚР ҚМ КБК статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ҚР-дан Вьетнамға экспортталатын негізгі тауарлар қара металл өнімдері, зығыр дәні, құрылыс материалдары және конструкциялар, шасси болып табылады. Негізгі импортталатын тауарлар радионавигациялық аппаратура, ұялы телефондар, тұрмыстық техника, жеңіл өнеркәсіп тауарлары болып табылады.

Семинар барысында мына мәселелерді талқылау жоспарлануда:

- отандық өндірушілердің экспорттық мүдделілігі;

- еркін сауда режимін қолданумен тауарлар саудасы;

- ЕСА аясында серіктестердің өзара мүдделерінің қанағаттандырылуы;

- серіктес ел нарығына тауарларды бажсыз енгізудегі негізгі құрал ретінде тауарлардың шығу тегін анықтау ережелері;

- Қазақстан өндірушілері үшін проблемалы Вьетнаммен ЕСА аясында әзірленетін тауарлардың шығу тегі өлшемдерін талқылау.

Отандық экспортшылар мен импортшылар үшін бажсыз сауданың мәнін ескере отырып, мүдделі тұлғаларды аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Байланысушы тұлға: Медебаева Әлия – Экономикалық интеграция департаменті, эл. мекен-жайы: a.medebayeva@palata.kz, тел: +7 7172 919 372. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер